#qyzylordatv #тазақазақстан

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Арал ауданында қарқынды жұмыс жүріп жатыр. Биыл аудан орталығына 4 мың түп көшет отырғызылса, соның 80 пайызы өсім алған. Бұған қоса, ойын алаңдары мен тарихи-мәдени нысандарға жөндеу жүргізіліп жатыр.

Жалпы, аудан көлемінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру бағытында жүйлері жұмыстар жалғасуда. Мәселен, қаланың кіреберіс қақпасы қайта жаңғыртылып, жарық шамдары қайта орнатылған. Сондай-ақ, Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі тарихи маңызға ие теміржол вокзалын жөндеу басталды.

 ЖАНҚОЖА ҚҰДАЙБЕРГЕН - АУДАНДЫҚ ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ //

 Мұнан бөлек, аудан орталығындағы көпқабатты тұрғынүйлер мен ойын алаңдарын жаңғырту бағытындағы жұмыстар да басталған.

 БАТЫРЖАН ҰЗАҚОВ – АРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ //00:14-/ Қазіргі таңда арал қаласында 8 секторға бөлінген. Арал қаламыздағы ойын алаңдарының бәрі көнерген. Соны абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүруде.