#qyzylordatv
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Devlet Nişanı» орденімен марапатталды. Бауырлас елге жасаған ресми сапары кезінде экономикалық, саяси және мәдени салаларға қатысты ілкімді келісімдер жасалды. Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Қазақстан делегациясына ерекше құрмет көрсетіп, «Екінші Отаныңызға қош келдіңіз» деп қарсы алды.
Бұл Анкарадағы Президент сарайында өткен Қасым Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі. Мемлекет басшысының кортежін салт атты гвардия бастап жүрді.
Екі елдің әнұрандары шырқалған соң бір біріне делегация мүшелерін таныстырды. Одан соң лидерлер шағын құрамдағы келіссөздер өткізіп, стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын талқылады.