#qyzylordatv

Міндет. Меже. Жоспар. Халық алдында есеп берген Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек алғашқы жартыжылдықты қорытындылап, алдағы жоспарларын ортаға салды. Көптің сұрағына жауап берді. Әр саладағы өзгеріс пен елді елеңдеткен мәселе басқосуда бүкпесіз айтылды.

 Жыл басында ауданның бюджеті 12 млрд 176 млн теңге көлемінде бекітілген. Екі мәрте нақтылау жүргізіліп, нәтижесінде бюджет көлемі 21 млрд 115 млн теңгеге жетті. Есептік кездесуде аудан басшысы қаржыны тиімді жұмсау мен инвестиция тарту және өзге де маңызды бағыттар бойынша баяндама жасады.

 ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – АУДАН ӘКІМІ

 Еліміздің тұрғындарының барлығына белгілі біздің ауданымыздың экономикасы, тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатындағы ең негізгі жұмыстар – ауыл шаруашылығына байланысты. Биылғы жылы аудан аумағында 25 654 гектар егіс егілді. Бау-бақшаларымызды, егіндерімізді аяқсумен қамтамассыз ету үшін жыл басында облыс деңгейінде су лимиті 509 млн.м3 болса, бүгінгі уақытқа дейін 329 млн.м3 су егістікке алынып, су лимитінің 65,0 пайызы пайдаланылды.

 Ауданда ауылдың әлеуетін арттыру мақсатында игілікті істер атқарылуда. Биыл Дүр Оңғар ауылында 7,1 млрд теңгені құрайтын ірі газ тарту жобасы қолға алынған. Ұзындығы 86 шақырымнан асатын құбыр тартылып, үш бірдей газ реттегіш пункті орнатылады. Сонымен қатар, Иіркөл мен Төребай би ауылдарына газ жеткізуге арналған құжаттар әзірленіп, қаржы бөлінген. Қазір мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатыр. Бүгінде аудан халқының 78 пайызы табиғи газбен қамтылған. Одан бөлек аудан әкімі жиында экономиканың дамуына жол ашатын шағын және орта кәсіпкерліктің жайын сөз етті.

ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – АУДАН ӘКІМІ

Аудан бойынша кәсіпкерлік субъектілердің саны 3205 бірлік болса, оның ішінде белсенді жұмыс жасайтыны 3051 бірлікті құрайды. Аудан бойынша жаңа бизнес-идеяларды дамыту мақсатында өз кәсіптерін бастау үшін әлеуметтік осал топтарға жататын 48 азаматқа жалпы көлемі 75,5 млн.теңге болатын қайтарымсыз грант беруге комиссия тарапынан оң шешім қабылданды.

Аудан әкімінің есебінен құлағдар болған халық көкейдегі сұрақтары мен өз ұсыныстарын жеткізді.

ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – АУДАН ӘКІМІ

Қазір демеуші есебінен жоба-сметалық құжаттар дайын тұр. Қаражат көздері шықаннан кейін аудан орталығында лагерь салынады. Бірақ лагерге дейінде ауданымызда атқарылар өзекті мәселелер жетерлік. Бассейінде де дәл сондай жағдай. Ауданымызда кәсіпкерлерде бар ғой сол кісілер салып, жасаса да барады ғой адамдар.

 Суды айтатын едік, оданда Аллаға шүкір жаман емеспіз, электр желілері де бірде төмен, бірде жақсы болғанынмен өз деңгейінде тұр. Ол да алдағы уақытта жұмыс жүргізледі деп сенемін. Енді менің айтатыным қаңғыған ит туралы. Жауапты мамандарға алғыс айтқым келеді. Мына қыңғыған иттерді азайтты. Ауданымызда атқарылып жатқан жұмыстарды жоққа шығармаймыз.

  Кездесуде тұрғындар әлеуметтік мәселелермен қатар, көптен бері жұрт назарында жүрген көпір құрылысына да тоқталды. Жиын соңында аудан әкімі есеп беру – тек мадақ айтатын мінбер емес, мәселені бірге шешетін орта болуы керек екенін баса айтты. Сөзі де, ісі де нақты басшының жартыжылдық қорытындысына Жосалы жұрты дән риза.

 ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – АУДАН ӘКІМІ

//Аудан әкімінің, Жосалы кенті әкімінің болсын осындай есеп беру кездесу жиналыстары бұл бір-бірімізді мақтап, ойбай керемет жиналыстар болып жатыр деп отыратын орын емес. Бір-бірімізді мақтай берсек жұмыс орнынан қозғалмайды. ++проблеманы нақты-нақты айту керек. Сол кезде оның шешу жолдары да оңай болады.

 Аудандағы билік пен бұқара арасындағы байланыс ашық. Атқарылған жұмыс бар, атқарылар іс одан да көп. Ең бастысы – елдің өркендеуі ортақ абырой.