#qyzylordatv

Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ сынықтарының видеосы жарияланды. Кадрлардан байқалғаны әуекемесі бөлшектеніп қалған. 25-шілдеде Сорбұлақ көлінде жоғалған әскери тікұшақтың экипаж мүшелері бесінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр.

 Әуе қорғанысы күштерінің ақпарынша, көлдің лайлы түбі мен тереңдігінің өзгермелі болуына байланысты операция қиындай түскен. Соған қарамастан, тәулік бойы жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр. Оқиға орнына барған министр Дәурен Қосанов, жоғалған ұшқыштардың туыстарына моральдық қолдау білдіріп, қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Іздеу жұмыстарына 400-ден аса адам, 70 техника, дрондар мен суасты құрылғылары тартылды.