#qyzylordatv

Келешек кілті – кемел білімде. Сондықтан 2023 жылдан бастап мемлекет басшысының бастамасымен ауыл мен қалаға бірыңғай стандарт бойынша білім ошақтары салынып жатыр. Бұл - жай ғана ғимарат емес, кемел келешекке бағытталған үлкен қадам. Жайлы орта, заманауи технология мен сапалы білім. Соның барлығы бір ортаға тоғысқан. Сонымен, Сыр өңірінде салынған «Келекшек мектептің» кереметі неде? Сөз тізгіні әріптесім Қозы-Көрпеш Жасаралұлында.

 Баланың бәрі бірдей. Сондықтан бөлінген көңіл де теңдей болуы қажет. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының мәні де, маңызы да осында. Биыл ауқымды жобаның атауы өзгерді. Бірақ, негізгі миссиясы сол баяғы. «Келешек мектептің» алғашқысы Сырдың сол жағалауында ашылды. Жаңа оқу жылында 1400-ден аса жеткіншек білім алады.

 МӨЛДІР СМАХАНОВА - №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ /// Біздің мектебіміз инженерлік бағытта жұмыс жасайды. Қазір «Инжернерлік мектеп» жобасы іске асырудамыз. 8 бағыт бойынша. «Наноквантум», «Биоквантум», «Робоквантум», сынды зертханаларымыз бар.

Оқу ордасында білім бағдарына қажеттінің бәрі бар. IT технологиялар мен стем-зертханалар, ағаш өңдеу, тігін үйірмелері – яғни, ерте кәсіптік бағдар беретін мүмкіндіктер қарастырылған. Сондай-ақ, «Келешек-HUB» кәсіби бағдар беру цифрлық зертханасы өз жұмысын бастады. Бұл оқушыларға болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, бейінін анықтауға және мақсат қоюға көмектеседі. Бұған қоса, ұстаздар жасанды интеллектіні оқу процесінде қолданысқа енгізіп отыр.

ӨТЕМІС РАХАТОВ - №290 КЕЛЕШЕК МЕКТЕБІНІҢ ИНЖЕНЕР-БАҒДАРЛАМАШЫСЫ / ЖИ-мен жұмыс жасап жатырмыз. ЖИ-ді VR-көзілдірікпен, ДАУВОД-пен байланыстырып жатырмыз. Және фризерный станокқа да қосып көріп жатырмыз. Бұл кабинетте 5 пән бойынша біріктірілген. Әр пәннің мұғалімдері келіп, оқушыларын дайындай алады. Математика, биология, физика, химия бар.

Жалпы, ұлтты жоба шеңберінде аймақта 10 білім ошағын салу көзделген. Бүгінге дейін соның 6-ауы қолданысқа берілген. Қалған 4 мектептің 3-еуі жаңа оқу жылында, соңғысы екінші тоқсанға дейін ел игілігіне есік ашады.

ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ //Жас ұрпақтың біліміне салынған инвестицияның еселеп қайтатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Өйткені, білімді ұрпақ мықты мемлекет кепілі. Бұл ретте материалдық базасы мығым «Келешек мектептері» білімді буынның ұстаханасына айналары сөзсіз.