#qyzylordatv

Қызылордада жыл басынан бері 25 адам суға кетті. Қаза болғандардың 11-і бала. Суға түсу маусымын қорытындылаған мамандар осындай сүреңсіз статистиканы жариялады.

Сырдария өзенінің бойында суға түсуге тиым салынған жер көп. Соған қарамастан, қауіпті аймақта шомылатындар азаймай тұр. Төтеншеліктер тәртіп сақшыларымен бірге жаз бойы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды. Тіпті, әкімшілік хаттама рәсімдеп, ескертуді елемегендерге әкімшілік жаза қолданыпты. Одан нәтиже аз.

ЖАНДОС ДОСЫМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ //Облыс аумағымен өтетін Сырдария өзенінің ұзындығы 1274 шақырымды құрайды. Мұнан басқа 19 ірі канал, 220 шағын каналдар және 207 көл облыс аумағында орналасқан. Облыс аумағындағы су айдындарында жыл басынан 795 рейдтік жұмыс жүргізіліп, 31 255 тұрғынға оның ішінде 18 мын нан астам жасөспірімге судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді және үнпарақтар таратылды. Сондай-ақ аталмыш профилактикалық жұмыстарға 503 ерікті қатыстырылды. ТЖД департаменті қызметкерлері жыл басынан бері ҚР ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша, Су айдындарында қауіпсіздік қағидаларын бұзу немесе орындамау 48 адамға хаттама толтырылып 660 576 тг айыппұл шарасы көрілді//

Иә, мамандар қайғылы жағдай көбіне қарапайым ережелерді сақтамағаннан болатынын айтады. Әсіресе, суға мас күйінде түсетіндер көп дейді

ЖАНДОС ДОСЫМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ //Суда адамдардың қаза болуының негізгі себебі қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзуы болып табылады. Мысалы, өзен немесе каналдардың кез-келген, әрі зерттелмеге, ағысы жылдам, терең, жағалары тік жар жерлеріне суға түсуі, спирттік ішімдік ішіп суға түсу, балалардың ересектердің бақылаусыз су жағасына баруы мен суға түсуі, жүзу құралдарында құтқару кеудешесінсіз болу, пирстерден секіру және сүңгудің соңы қайғылы жағдайға әкеліп жатады//

 Суға шомылу маусымы қорытындыланғанымен, құтқарушылар қауіпсіздік шараларын бәсеңдеткен жоқ. Жағажайларда кезекшілік ұйымдастырылып, рұқсат етілмеген жерлер бақылауға алынған.

 ЖАНДОС ДОСЫМОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ //Қызылорда облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 қазандағы №56 шешіміне сәйкес суға шомылуға тыйым салынған қауіпті су айдындарындағы 63 аймаққа 398 ескерту тақтайшасы орнатылды. Сондай-ақ, Департамент тарапынан қауіпті аймақтарда орнатуға оңай трафарет және өзіндік құны төмен тыйым салу белгілерінің инновациялық түрі қолданылуда, сонымен бірге қауіпті 63 аймаққа 24 мобильді пост орнатылды//

 Күн-райы салқын тарта бастаса да өзен жағалап, суға түсіп жатқандар жетерлік дейді мамандар. Сондықтан, төтеншеліктер су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды.