#qyzylordatv

Облыста жол көлік оқиғаларының алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Тасымалдаушы» және «Балабақша» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Нәтижесінде жыл басынан бері қала көлемінде жол ережесін бұзған 519 балабақша көлігі анықталып, жүргізушілерге әкімшілік хаттама толтырылды. Тоғыз автокөлік айып алаңына қойылды. Сондай-ақ мас күйде көлік құралын басқарған бір балабақша жүргізушісі ұсталып, 7 жылға жүргізуші құқынан айырылды. Патрульдік полиция қызметкерлері рейд барысында балаларды тасымалдап жүрген автокөліктерді тоқтатып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

ЖАҢАБЕК ӘЛМЕНБЕТОВ, ҚПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ \Қазіргі таңда көп бұзылатын жол қозғалыс ережесі балаларды арнайы жабдықсыз тасымалдайды және қауіпсіздік белдігін тақпайды. Шамадан тыс жасөспірімдерді салып алып тасымалдайды. Сол бізде көп орын алатын жағдайлар. Балабақша автокөліктерінің стандарт талаптары бар. Әр балаға арналған белдіктері болу керек және балалар деген жазуы болу керек, сары жолақтары болу керек \