#qyzylordatv

Президент Жарлығына сәйкес қыркүйек айынан азаматтарды мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Науқан жыл соңына дейін жалғасады. Осылайша қыркүйектің бірі мен желтоқсанның 30-ы аралығында 900- ге жуық сарбаз әскери құрылымдарда борышын өтейді.

 Сарбаздардың алғашқы легі Қарулы күштер қатарына, Ұлттық ұланға, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелеріне, Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады.

  Қазіргі таңда шекара қызметіне аттандыру жұмыстары жүргізілуде. Сарбаздарға әлеуметтік жеңілдіктер де қарастырылған. Әскер қатарында жүрген кезде несиелері тоқтатылады, ал білім алғысы келетіндер ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігіне ие. Биылдың өзінде облыстан 61 азамат мемлекеттік грант иегері атанды.

НҰРЛЫБЕК СЕЙТХАНОВ - ОБЛЫСТЫҚ ҚІЖД ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ ЖӘНЕ ӘСКЕРДЕН ТЫС ЖҰМЫС БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ М/А

  // Осы күзгі мерзімді әскери қызметті біз 1 қыркүйектен бастап кеттік. Биыл күзгі мерзімге бізге 900-ге жуық азаматқа тапсырыс келіп түсті. Сонымен қатар, қазіргі таңда бізде шекара қызметіне командамыздың жөнелтілуі 5 қыркүйекте болады. Бізде сарбаздарымыздың ең бірінші кезекте денсаулық жағдайына, оның дене-бітіміне дамуына қарай азаматтарымыздың тиісті жарамдылығы анықталғаннан кейін аудандық және облыстық медициналық комиссияның шешіміне сәйкес, біз азаматтарды отан алдындағы борышын аттандыратын болып жұмыс атқарамыз.