#qyzylordatv
Жаңақорған ауданында күзгі мерзімді әскери қызметке шақырылған жас сарбаздарды салтанатты шығарып салу рәсімі өтті. Айта кету керек, әскер қатарынан оралған соң 20-ға жуық жас тегін оқуға түсіп, білімін жалғастырады.
Әскери борыш – әр азаматтың Отан алдындағы абыройлы міндеті. Ауданнан әскер қатарына шақырылған сарбаздар ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғауға аттанды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұрбол Есенәлиев сарбаздарға сәттілік тілеп, жастарды табанды болуға шақырды. Мұнан соң ата-аналар мен ауданның бас имамы ақ батасын берді. Ал, жергілікті өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, жас сарбаздарды жігерлендірді.