#qyzylordatv
28 қыркүйек күні Қазалыда аудан әкімінің сайлауы өтеді. Аудан әкіміне үміткер ретінде бес кандидат тіркелген. Олар кеше, яғни 2 қыркүйек күні кешкі сағат 18:00-ден бастап сайлауалды үгіт жұмыстарын бастап кетті.
Үміткерлердің бірі «Аманат» партиясының атынан ұсынылса, қалғаны өзін өзі ұсынған. Айта кетейік, аудан бойынша дауыс беруге құқылы 48 мыңға жуық сайлаушы бар. Сайлау күні 40 учаске жұмыс істейді және 266 комиссия мүшесі қызмет атқарады деп жоспарланып отыр. Сайлаушылар үшін арнайы 2 call орталық жұмысын бастады. Тұрғындар 79-2-80 нөміріне қоңырау шалып, аудан әкімінің сайлауына қатысты сұрақтарға жауап ала алады. Сондай-ақ 109 бірыңғай байланыс желісі арқылы диспетчерлерге сауал жолдауға мүмкіндігі бар.
АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ \Қазалы аумағында тұратын науқанға қатысты қанша кандидат тіркелді, қай жақта дауыс береміз, қанша учаске жабдықталды деген сұрақтарға жауап ала алады. Комиссия мүшелері оқытылады... \
Дауыс беруші азаматтар 12 қыркүйектен бастап saylauorda.gov.kz сайтына кіріп, ЖСН нөмірін теру арқылы өз учаскесін таба алады.
АБАЙ ТАҒЫБЕРГЕН – ОБЛЫСТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ \біз бұл платформаға өз учаскесімен қатар сол учаскеге баратын маршруттың схемасын сызып қойдық. Такси құнына дейін білу мүмкіндігі бар...\