#qyzylordatv

Жасанды интеллект өндірісті автоматтандыру немесе қолжетімді қызмет көрсету құралы ғана емес. Ол - ұлттық қауіпсіздік, экономикалық өсім, әлеуметтік тұрақтылық сияқты үлкен мәселелерді шешудің негізгі факторы. Осы орайда мемлекет басшысы Үкіметке цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжат әзірлеуді тапсырды.

Ақпараттық технологиялар мен жасанды интеллект саласын дамыту бүгінгі күндегі ең өзекті мәселенің бірі. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті осы мақсатта Жасанды интеллект институтын ашты. Қазір мұнда бірлескен білім бағдарламасы бойынша грантқа ие болған 100 студент білім алып жатыр. Олар 2025-2026 оқу жылынан бастап қос дипломдық білім беру бағдарламасы аясында Сеул Ұлттық Ғылым және Технологиялар университетінде оқу мүмкіндігіне ие болды.

НҰРЛАН ҚҰЛМЫРЗАЕВ, ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ \біздің алдымызда нақты мақсат бар. Жетпіс пайыз жастарымыз телефонды тұтынушы ретінде қолданады. Біз тұтынушы ғана емес осы бағдарламаларды жасайтын адам ретінде оқыту.... \