#qyzylordatv
Жақсы әрі сапалы жол, оның ішінде магистральдық трасса қаражат тартуға тиімді. Сондай транзитті дәліз ретінде Мемлекет басшысы «Сексеуіл-Бейнеу» жолының құрылысын жылдамдатуды тапсырды. Бұл автобан Қазақстан арқылы Қытайдан Европаға тасмалданатын жүк айналымының уақытын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік бермек. Аталған автожол қашан салынады, ол қандай елді мекендердің үстімен өтеді және оның бізге тиімділігі турасында тілшіміз әңгімелесін.
Осы жолдың құрылысына қатысты қоғамдық тыңдау 2023 жылдың қарашасында Сексеуіл кентінде өтті. Еске сала кетейік, бұл жолдың бес нұсқасы болды. Соның климаттық тұрғыдан алғанда да, яғни жол көк мұз болмасын деген қауіпсіздік мәселесі туралы айтылып отыр әрі уақыт жоғалтпас үшін де ұтымды деген нұсқасы Қаздорпроект, Қазавтожол, құзырлы басқармалар мен аудан халқының, облыстық қоғамдық кеңестің қатысумен назарға алынған болатын.
Енді осы автобанның құрылысына екпін берілуі тиіс. Бүгінде көршілес Қытайдан жан-жаққа жөнелтілетін жүк көлемі өте үлкен. Сексеуіл-Бейнеу жолы салынып бітсе, тасымал уақыты айтарлықтай қысқарып, басымдық осы жолға беріледі. Бұл - біздің елге түсетін қаржының көлемі өсе түседі деген сөз. Мұның бәрі сайып келгенде жаңа көлік жүйесін құруға сеп болмақ. Президент қазан айының соңына дейін смарт карго кедендік және логистикалық жүйесін енгізуді тапсырды. Біз айтып отырған «Сексеуіл-Бейнеу» жолы Маңғыстау, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының аумағын қамтиды. Біздің облыста бұл жол Арал ауданының Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман, Бердікөл, Сексеуіл елді мекендерін қамтымақ. Бүгінде бұл жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленуде:
Біздің облысқа тиесілі 189 шақырымында жолдың инфрақұрылымы қандай болмақ дегенге келсек:
Аталған Сексеуіл-Бейнеу автожолы Президент айтқан транзиттік әлеуетті күшейтуге, жүк тасымалын арттыруға зор мүмкіндік бермек.
Транзиттік әлеуетті арттыру дегеніміз бұл табысты арттыру, еліміздің кірісін молайту, бюджетті толтыру деген сөз.