#qyzylordatv
Қоғам тыныштығын қамтамасыз етудің тиімті тетігі - заманауи цифрлық жүйені кеңінен қолданысқа енгізу. Енді қала көшелерінде қылмыстың алдын алу мақсатында 6 дрон пайдаланылады.
Полиция қызметкерлері дрон арқылы жаяу жүргіншілерге қауіпсіздік сақтауды хабарлап тұрады. Мұнан бөлек, құқық бұзушылықты дер кезінде анықтап, алдын алу шараларын жүргізеді. Ұшу құрылғысының тағы бір ерекшелігі түнгі мезгілде жарық шамын жағу арқылы оқиға болған аумақты толық шолып шығуға мүмдік бар. Осылайша заманауи қондырғы тәртіп сақшыларына қылмысты сол мезетінде ашуға көмектеседі. Айта кетейік, дрон арқылы әуеден бақылау тәсілі бұған дейін облыс аумағындағы республикалық маңызы бар жолдарда қолданылған. Нәтижесінде жыл басынан бері жол ережесін өрескел бұзудың 200-ден астам дерегі анықталды.
СӘБИТ ИБАДУЛЛА ¬– ОПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // Біз дронакоп деп атаймыз. Яғни, полицияға бағытталған, яғни халықтың арасында жүріп осы дрон арқылы өздерінің ақпараттарын беруге мүмкіндігі бар біріншіден. Екіншіден, осы кез-келген қуыстарда, мысалға көп жерде жиын болып, отқан жерін ластап жатса осының барлығын осы дрон арқылы көріп және оны видеофиксацияға алып әрі қарай шара қолдануға мүмкіндік береді.
МҰРАТБЕК МАНАТОВ ¬– ОПД ЖПҚБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ// Бұған дейін департаменттің патрульдік ротасының қолданысында әуеден ұшққышсыз барлау арқылы екі құрылғысы болды. Бұл бізде жалпы жол жүрісіне қатысушылардың құық бұзушылығын анықтап, яғни жол көлік оқиғасының алдын алу, болдырмау мақсатында. Бүгінгі күнге дейін 200-ге жуық әкімшілік құқық бұзушлықы анықталып, оның ішінде қарсы бағытқа шығудың 100 ге жуық деректері анықталып, тиісті шаралар қолданып, қалалық әкімшілік сотына жолданды.