#qyzylordatv #заңментәртіп
Облыс көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Осыған орай жергілікті әкімдік қызметкерлері тәртіп сақшыларымен бірге рейд жұмыстарын жүргізуде.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау - басты міндет. «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы осы мақсатта өткізілуде. Полиция қызметкерлері әсіресе бала тасымалына ерекше мән беріп отыр. Себебі, облыста мектеп және балабақша көліктерінің жол жүру ережесін бұзу фактілері жиі тіркелуде. Мәселен, жыл басынан бері балабақша көліктеріне қатысты 519 әкімшілік хаттама толтырылып, 23 автокөлік мемлекеттік нөмірінен айырылды. 9 көлік айып тұрағына қойылған.
НҰРБОЛАТ БЕКЗАДА, ҚПБ ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ ВЗВОД КОМАНДИРІ
\\ «2025 жылдың 15 қыркүйегі мен 30 қыркүйегі аралығында «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізудеміз. Қызылорда облысының тұрғындары мен қонақтарын жол ережесін қатаң сақтауға, жаяу жүргіншілерге мұқият болуға шақырамыз. Бүгінгі таңда балабақша тасымалдаушы көліктердің ережені бұзған фактілері анықталды. ҚР Әкімшілік кодексінің 593-бабы бойынша хаттамалар рәсімделіп, тиісті шаралар қабылдануда». \\