#qyzylordatv

Қызылордада екі күндік өңіраралық семинар өтуде. «Архив құжаттарын беру тәртібі» тақырыбында ұйымдастырылған жиынға Алматы, Шымкент қаласы мен Жамбыл, Түркістан облыстарынан мемлекеттік және ведомстволық архив мекемелерінің өкілдері қатысты.

Семинар Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен өтті. Негізгі мақсат - архив ісі мамандарының біліктілігін арттырып, заманауи цифрлық шешімдерді енгізу.

 ЖАНМҰРАТ СЕЙІЛОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Архив құжаттарын беру және Е-архив ақпараттық жүйесімен жұмыс тақырыбында өңірлік, республикалық семинар өткізілуде. Мақсатымыз- мәдениет және ақпарат министрлігімен бірлесіп, осы архив саласындағы мамандарды қазіргі жаңа жүйеге өзгерістер мен жалпы осы архив саласындағы заңдылықтардың қалыптасуына байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізу және толық ақпараттар беру.

 Е-архив ақпараттық жүйесі жалпы осы біздің қордағы құжаттарды цифрландыру арқылықұжаттардың көбісін ұзақ жылдар бойы сақтап қалуға мүмкіндік беретін жүйе. Сол арқылы осы барлық мекемелердегі архивке өткізілетін құжаттардың барлығын қазіргі цифрлық платформалар арқылы жүйеге енгізу жұмыстарын жандандыру.

 Жиында архив құжаттарын беру тәртібі, қолданыстағы заңнаманы тәжірибеде қолдану, сондай-ақ ведомстволық және мемлекеттік архивтердің тәжірибесі талқыланды.

САЛТАНАТ ТАЩАНОВА - ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АРХИВ, ҚҰЖАТТАМА ЖӘНЕ КІТАП САЛАСЫ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ

 // Қазіргі кезде айтып өтсек біз 2021 жыл біздің комитет құрылды. Оған архив саласында тек қана департатент болған. Содан 2022 жылдан бастап қазіргі кезде осындай өңірлік, республикалық семинарды өткіземіз. Оның бір мақсаты - біздің тек қана мемлекеттік архивтері мамандары емес, ведомстволық архивтердің ұйымдардың мемлекеттік, мемлекеттік емес ұйымдардың мамандарына қолжеткізім жеткізу, заңдардың өзгерістерімен таныстыру, нормативтік актілермен таныстыру, іс-құжаттарды қалай жасау керек оның сақтау мерзімін мемлекеттік тапсыруға берген тізімін, экспертизаны қалай өткізу мақсатында біз жылда-жылда 5 өңірлік семинар өткіземіз.

Семинарда «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесі таныстырылып, мамандарға электрондық құжаттарды қабылдау, сақтау және пайдалану бойынша дәріс берілді.

 ҚАТИРА УӘЛИЕВА - ҚОРДАЙ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ //Семинар өте керемет. Себебі, Қызылорда өзінің тарихы терең, мұның мағынасы да терең үш дәуірдің астанасы. Осы бастама керемет деп ойлаймын.Мақсатым әріптестерімнің тәжірибелерін қабылдап, үйреніп, ең басты мақсат – архив ісін ары қарай дамыту.

 Қазіргі таңда облыстың архив қорында 811 мыңнан аса сақтау бірлігі бар. Оның 270 мыңнан астамы цифрландырылып, «Е-Архив» жүйесіне енгізілген. Мамандардың айтуынша, мұндай басқосулар архив ісінің дамуына жаңа серпін бермек.