#qyzylordatv

Қазалы ауданының тарихи-өлкетану музейі құнды жәдігермен толықты. Ол Жанқожа батыр ұстаған қайқы қылыштың көшірмесі. Талай тағдырлы кезеңді бастан өткізген жәдігер бір батырдың ғана емес сол дәуірдегі халықтың тәуелсіздік жолындағы күресінің куәсіндей.

 Бұл қылышты Жанқожа Нұрмұхамедұлына Кенесары хан сыйға тартқан екен. Батыр оны жауға қарсы шайқаста өзі қолданған. Жәдігердің екі жағында арабша жазу бар. Бірінде «Жанқожа Нұрмұхамедұлы баһадүрге саурат, екінші бетінде «Созақ, 1845 жыл» деп жазылған.

ҚАДІРБЕК БЕКЕТОВ, ТАРИХШЫ // Бұл -қасиетті қылыш. Қылыштың түрі көп: хамхам, зұлқожа, тіке қылыш қайқы қылыш. Бұл - қайқы қылыш. Бұл көбінесе қоян-қолтық ұрыста пайдаланған Жанқожа. Күмісқорған деген жер... Қуаңның бойында қоқандықтар ес ала бастады. Қорған сала бастады қоныстану мақсатында. Жалаң қылышымен шабуылдарға қатысты. Сауран екібастан. Сондай қорғандарға шабуыл жасады. Сауранға үш жүз шабуыл жасадығы. Ұлы жүз бірінші, ала алмады. Екінші орта жүз. Үшіншісінде барып Жанқожа бабасына сыйынып шабуыл жасады. Қылышын жалаңдатып шабуыл жасағанда қорғанды тұман басып кетті дейді. Сөйтіп үлкен айбалтасымен қақпаны бұзып, ішке кіріп, берілгендеріне қылыш жұмсамаған екен. Осы қылышпен көптеген жекпе-жектерге шықты ғой. Тықы батырмен де жеке шайқасқа шыққан//

 Батырдың қылышын алғаш украиналық археологтар тапқан. Кейін Ресейде арнайы сараптамадан өткізіліп, оны Қазақстан азаматтары алып, Ұлттық музейге табыстаған. Сол жәдігердің көшірмесін баба ұрпақтары жасатып, батырдың туған жері Қазалыдағы аудандық музейге әкеліп тапсырды. Ал, қайқы қылыштың түпнұсқасы бүгінде Қазақстанның Ұлттық музей қорында сақтаулы.

 АЛҒАШБАЙ БАЙКӨБЕКОВ - ЖАНҚОЖА БАТЫРДЫҢ ҰРПАҒЫ // Жас ұрпақ білу керек. Бабамыздың қылышы қандай болғанын, сауыты қандай болғанын...Көптеген жаңа деректер ашылып, жазылып жатыр. Әлі ашылмаған дүниелер көп. Бір ұрпақтарында қанжары бар. олар да музейге тапсыратын ғығар... Бұл барша қазаққа ортақ адам ғой. Бәріміз де ұрпағымыз//

 Жанқожа батыр ғана емес, ел қамын жеген ер, әділ би болған. Қайқы қылышын аспанға көтергенде араздасқан топ екі жаққа тарап, бір мәмілеге келген деген аңыз бар.

ҚАДІРБЕК БЕКЕТОВ - ТАРИХШЫ ///Заманында Көтібар батырдың әкесі Толыбай барымташылардың қолынан қаза табады. Іздестіріп қараса ол Табындар екен. Сөйтіп Көтібар батыр намысқа тырысып алты Әлімді атқа қондырады. Жанға-жан қанға-қан деп. Ақиректің қасындағы Үшағаш деген жерге жиналған екен. Мұны естіген Жанқожа Ақешкі деген тұлпарымен сол жерге шауып барыпты. Суырып алып, жалаң қылышымен кесе-көлденең ұстап, сапта тұрған сарбаздардың алдынан жорытып өткен екен. Сонда Көтібар батыр болмайды енді, тараңдар. Қан төкпейік. Жақожа жаңа бізге әділ заң айтып кетті ғой. Жалаң қылышын көрсетіп, кесе-көлденең ұстап кетті ғой, ол халықты бірлікке шақырған, татулыққа шақырған деп тоқтатқан екен//

 Жанқожа Нұрмұхамедұлы елін, жерін қорғаған қайсар тұлға, ұлт намысы үшін жанын берген батыр. XIX ғасырда Хиуа, Қоқан хандықтары мен Ресей әскерінің отаршылдығына қарсы күрескен ержүрек қолбасшы. Елдің бірлігі мен тұтастығы жолында жанкештілік танытқан батырдың ерлігі – ұлттың жадына жазылған тарих. Ал, бұл шара тарихты танудың, баба рухына тағзым етудің жарқын үлгісі.