#qyzylordatv
Отбасы орталығында шаңырақ көтергендеріне 50, 60 жыл болған «Алтын той», «Гауһар той» иелерімен кездесу өтті. Отбасы құндылығын дәріптеп, көпке үлгі болып жүрген өнегелі әулетке құрмет көрсетілді.
Абай Баукенов пен Күлайхан Мәлібекованың отау құрғандарына биыл – 60 жыл. Бір қызығы екеуі де білім саласының ардагері. Олар алғаш еңбек жолын Шиелі ауданындағы №156 Нартай Бекежанов атындағы орта мектепте мұғалімдіктен бастаған. Ауданның білім саласының дамууына үлес қосқан қос педагог екі ұл, бес қыз өсіріп, бүгінде немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішіп отыр.
АБАЙ БАУКЕНОВ, БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ \ Отан отбасынан басталады деген. Әр уақытта отбасында бірлік, ынтымақ, жақсылық керемет болса ол мемлекеттің керемет тірегі. Мықты отбасы мықты мемлекет деген сөз. Бір мектепте 43 жыл қызмет еттім. Бүгінгі өміріме ризамын деп есептеймін. Ұстаз болы кім көрінгеннің қолынан келе бермейді. Ұстаздық деген ұлы іс. Біздің 21 адам мектепте ұстаздық атқарады. Яғни біздің жолымызды жалғастырушы ұрпақтарымыз бар\
ЕЛДОС БАУКЕНОВ, А.БАУКЕНОВТЫҢ ҰЛЫ
\\Үлкен отбасылық үйдің шаңырағында тұрамыз,қуаныштымыз.Менде осы ұстаздық жолды жалғастырып келе жатырмын.Бір ұяда бес қыз,екі ұл тәрбиелендік.Оның бесеуі ұстаздық жолды жалғастырып келе жатырмыз,ата-анамызбен мақтанамыз,халқымыз көркейіп өсе берсін.
Қазалылық Жеткербай Махамбет пен Зейнегүл Шеңгелбайқызы да «Гауһар той» иелері. Шаңырақ көтергендеріне алпыс жыл болған ұстаздар әулеті ұлағатты ұрпақ өсіріп, көпге үлгі болып отыр. Ал, Сырдария ауданы Амангелді ауылының тұрғындары Қайрулла Жүсіпбеков пен Айткүл Нұрымбетова елу жылдан бері жұбын жазбай, бір шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Салтанатты жиында мерейтой иелеріне құрмет көрсетіліп, неке куәлігі табысталды.
Шара барысында мерейтой иелері отбасы құндылығын сақтау, бала тәрбиесі туралы сөз қозғап, жастарға ақыл-кеңесін айтты. Кеш соңында жергілікті өнерпаздар әке, ана туралы ән шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.