#qyzylordatv

Облыс әкімінің төрағалығымен Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтті. Нұрлыбек Нәлібаев мәжіліс отырысында сала басшыларына Жолдауда көрсетілген жеті бағыт бойынша тиісті тапсырмалар жүктеп, мерзімінде орындалуын тапсырды.

 Президент кешегі Жолдауында ел экономикасын дамытып, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында негізгі жеті міндетті айқындап берді. Ол инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік-логистикасын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, бизнесті қолдау, экономиканы жан-жақты жаңғырту. Өңірде мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен, өткен жылы өңірге 640 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартылса, биыл 723 млрд. теңге қаржы әкелу жоспарланып отыр.

 Жергілікті әкімдік тарапынан нвесторларға барынша қолдау көрсетілуде. Нәтижесінде шетелдік және отандық ірі компаниялар мен кәсіпорындар ауқымды жобаларды жүзеге асыруға ниетті. Мәселен, өңдеу өнеркәсін дамыту үшін биылдың өзінде 21 жоба іске қосылмақ. Атап айтсақ....

АРДАҚ ЗЕБЕШЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ \жыл соңына дейін құрылыс индустриясында қуаттылығы 720 мың шаршы метр айна шығаратын өндіріс іске қосылады. Машина жасау саласында «Марал Нұр» мекемесінде жылына 740 вагонды жөндеу кешені іске қосылады....\

 Жол инфрақұрылымын, көлік логистикасын дамыту Жолдаудан туындайтын басты міндеттердің бірі. Мемлекет басшысы осы бағытта «Сексеуіл-Бейнеу» автомобиль жолының құрылысын жеделдетуді тапсырған болатын. Автожолдың жалпы ұзындығы 560 шақырымды құрайды. Оның 189 шақырымы біздің облысқа тиесілі. Атап айтсақ, Арал ауданының Құланды, Ақбасты, Ақеспе, Қосаман, Бердікөл, Сексеуіл елді мекендері арқылы өтетін болады.

Нұрлыбек Нәлібаев жауапты сала басшысына автобанның облыс аумағына тиесілі бөлігінің құрылыс жұмыстарын мерзімінде басталуын бақылауға алуды тапсырды. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, су үнемдеу технологияларын қолдану, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалау керектігін айтты.