#qyzylordatv #заңментәртіп
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Президенттің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру, жол қозғалысы және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қаралды. Жиыннан соң облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.
Биыл аймақтағы жол инфрақұрылымын дамытуға республикалық, облыстық және аудандық бюджеттен 42 млрд.142 млн теңге бөлінді. Нәтижесінде 359 шақырымды құрайтын автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөнделді. Жақсы жағдайдағы жолдың үлесі 95 пайызға жетті. Дегенмен жол көлік оқиғалары азаймай отыр.
СЕРІК ЕРГЕШОВ, ОПД БАСТЫҒЫ \жол көлік оқиғалары 101 пайызға, дене жарақатын алғандар саны 112 пайызға өсіп отыр. Қаза болған адамдардың саны төмендеді. Жүргізушілердің жолда жүру ережесін сақтамауы жол көлік оқиғаларының өсуіне әкелді. Жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алған жол көлік оқиғаларының көрсеткішіне де әсерін тигізді. Қазіргі уақытта мопед жүргізушілерінің де алаңдатушылық туғызады. Жыл басынан бері мопед басқарған 161 тұлға анықталып, 214 хаттама рәсімделді \
Жол көлік оқиғаларының басым бөлігі «Батыс-Еуропа Батыс-Қытай» автожолының бойында орын алып отыр. Облыс әкімі сондықтан күре жолдың бойындағы қауіпсіздік шараларына ерекше мән беруді тапсырды.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \енді оның бойында 320 мыңдай халық тұрады.бес аудан орналасқан. 119 елді мекен бар. Көбіне сол жерде болып жатыр ДТП. ...\
Облыс әкімі жол қауіпсіздігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында бейнебақылау камераларын, стационарлық жылдамдық өлшегіш құрылғыларын көбейту керектігін айтты. Сонымен қатар, Түркістан облысының шекарасынан Ақтөбеге дейінгі аралықтағы демалыс орындары мен жол бойындағы сервистік нысандарды, автомобиль жолдары мен теміржол бойындағы нысандардың санитарлық тазалығын талапқа сәйкестендіріп, қатаң бақылауды тапсырды.