#qyzylordatv

«Мұз айдыны» спорт кешенінде ауыл жастарының арасында облыстық спартакиада басталды. Дәстүрлі сайыста жасөспірімдер спорттың жеті түрі бойынша сынға түсуде.

 Спартакиаданың мақсаты - аймақта бұқаралық спортты дамыту, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жарысқа аудандардан және қалаға қарасты ауылдардан 8 команда, 1000-ға жуық спортшы қатысып жатыр.

 Жарыстың ашылу салтанатына қазақтан шыққан каратэден тұңғыш Әлем чемпионы Мөлдір Жаңбырбай қатысып, жасөспірімдерге сәттілік тіледі.

 Мұндай спорттық шаралар Сыр жастарының белсенділігін арттырып, достық қарым-қатынас орнатуына үлкен мүмкіндік береді.

Ауыл жастары төрт күн бойы үстел теннисі, волейбол, баскетбол, шағын футбол, дойбы, тоғызқұмалақ және ұлттық спорт түрлерінен сынға түседі.