#qyzylordatv

Кадрлық өзгеріс. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы тағайындалды. Енді бұл қызметті бұған дейін облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының бөлім басшысы болған Тәуіпбаева Мөлдір Сұлтанбекқызы атқарады.

 Мөлдір Сұлтанбекқызы «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Америка Құрама Штаттары Оңтүстік Калифорния университетінің «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» магистрі. Экономика ғылымдарының кандидаты. Алғаш еңбек жолын 1999 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің зерттеушісі болып бастаған. Әр жылдары қалалық білім бөлімінде, Қызылорда қаласы әкімі аппаратында түрлі басшылық лауазымдарда болған. Ал, 2023 жылдан бастап облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарып келді. Нұрлыбек Нәлібаев облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысын жаңа қызметімен құттықтап, бірқатар маңызды міндеттер жүктеді.

НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ \өңірге инвестиция тарту жұмыстарын жүргізу бойынша тиісті шаралар қабылдауды, индустриялық аймақтардың тиімділігін арттыру мақсатында шағын өнеркәсіп пакртерді құруды, кәсіпкерлік субьектілерін ұлғайту................\