#qyzylordatv

Облыс орталығында этномедиаторларға арналған семинар өтіп жатыр. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, қоғамдық келісім орталықтарының мамандары және мемлекеттік орган қызметкерлері мен оқытушылар қатысуда.

 Семинардың мақсаты - этносаралық шиеленістердің алдын алып, туындаған дауларды дер кезінде шешу. Сондай-ақ өңірлік және жергілікті деңгейдегі этномедиаторларды дайындау. Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты этномедиация орталығының мамандары осы мақсатта өңірге келіп, бес күн бойы тренинг жүргізеді.

 ФАРИДА СОТАЕВА, ҚОЛДАНБАЛЫ ЭТНОСАЯСИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ ЭТНОМЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ \ Бұл семинарлар жыл сайын өткізіледі. Соңғы үш жылда біз 15 шақты семинар өткіздік барлық Қазақстан аумағында.Нәтижені біз әрбір семинар өткеннен кейін екі-үш айдың аралығында маниторинг сұрақтарын өткіземіз. Сол кезде сұрақтар қоямыз. Семинарда өткен мамандар қаншалықты шиеленістерге қатысып, сол шиеленістерді оқшаулауға немесе алдын ала профилактикалқ жұмыстарды жүргізуге қатысты екенін біліп отырамыз. Қазіргі кезде өтіп жатқан семинар брінші кезеңдік семинар деп айтуға болады. Одан кейін екінші кезеңдік семинарда біз осы семинарда жақсы өзін белсенді көрсеткен мамандарды іріктеу арқылы екінші кезеңдік семинарды өткізетін боламыз\