#qyzylordatv
Аралдың балығы, Қазалының кәмпиті, Қармақшы мен Жалағаштың күріші, Сырдарияның бал татыған қауын-қарбызы, Шиелі мен Жаңақорғанның бақша дақылдары. Бұл Арқа төріндегі жәрмеңкеде жұрттың ең көп сұранысына ие болған өнімдер. Астана халқы Сыр диқандардың өнімін таласа алып, берекелі ауылдың дәмін шынайы сезінді. Жәрмеңке барысынан тілшіміз Асқар Тәжиевтің бейнематериалы.
АСҚАР ТӘЖИЕВ - ТІЛШІ
Сарыарқаға Сырдан жеткен жәрмеңкенің көлемі жыл өткен сайын ұлғайып келеді. Елуге тарта көлік керуені «Қазанат» атшабарының аумағына қаз-қатар қоныстанған. 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі елордалықтардың несібесіне айналып отыр//
Сауда сөрелеріне алдымен ауылдың дәмін сағынған ағайын асыққан. Туған топырағының тынысын сезініп, елден жеткен еңбеккерлерге жерлестердің ықыласы да ерек. Қысқы қажетін қамдайтын қауым бұл жәрмеңкені арнайы күтуді дәстүрге айналдырған.
Сырдың күріші мен Аралдың балығын алуға келген көптің қарасы қалың. Мұны кезекке таласқан жұрттан бірден аңғаруға болады. Арқа төсіне теңізді өлкеден 20 тоннадан астам су маржанын жеткізілсе, соның үш тоннасын Қуаныш Жұбанова әкеліпті.
ҚУАНЫШ ЖҰБАНОВА – АРАЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Қызылорда облысы Арал ауданынан келдім. 3 тонна балық әкелдім. Свежий. Сазаны бар, лақасы бар, жайыны бар. Гаршөк деген балық бар. Халық көп бағасы жақсы. Саанды 1600-1200-ден сатып жатырмыз. Адам көп жақсы. 1 тоннадай етті ертеңге дейін тауысып қайтамыз. Жылда келеміз. Осымен 11 жыл болды келгеніме//
Айсұлтан Жаңабайұлы Астанаға өз шаруа қожалығында бағылған төрт түліктің етін әкелген. Ірі қара мал мен жылқы еті мен қазы да бар. Сатушының өнімі тұтынушылардың сұранысына ие.
АЙСҰЛТАН ЖАҢАБАЙҰЛЫ – САТУШЫ
Қызылорда қаласынан 3 тоннадай ет алып келдік. Сиырдың еті бүтіндей сатылып жатыр. Қазылықтар бар. Барлы,ы өзіміздің өндірістен.Сиырдың етінен 2 тоннадай, жылқы етінен 1 тоннадай, қазы. Барлығы өзіміздің бағымда тұрған сиырлар, откормдағы тұрған жылқылар//
Сырдария ауданы Іңкәрдария ауылының тұрғыны Айдана Сүйіндікова жолдасымен бірге жәрмеңкеге алғаш рет қатысып отыр. Бақша дақылдарын егуді отбасылық кәсіп көзіне айналдырған ерлі-зайыпты биыл 4 гектар жерге қауын мен қарбыздың бірнеше түрін еккен. «Шығымы да көңілден шықты»,- дейді олар.
АЙДАНА СҮЙІНДІКОВА – ІҢКӘРДАРИЯ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Біз Қызылорда облысы Іңкәрдария ауылынан келіп тұрмыз. Өзіміздің отбасылық кәсібіміз. 4 гектар қауын, қарбыз, әміре еккенбіз Астана қаласына қауынныз 3 түрінен әкеліп тұрмыз. 4,5 тонна алып келдік. Астана тұрғындарының қауынға деген сұранысы жақсы.алып келген қауынымыздың 90 пайызы өтті десек болады осы кезде. Қармақшы ауданындағы «Жаңажол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жәрмеңкеге 20 тонна Сыр салысын жеткізген. Егіс алқабынан сауда сөресіне дейінгі еңбектің бәрі серіктестікте атқарылады. Сондықтан «Сапалы өнім арқылы тұтынушылардың талғамын бірінші кезекте ескереміз»,- дейді шаруашылық төрағасы.
ОРЫНБАСАР ТӨЛЕПОВ – «ЖАҢАЖОЛ» ЖШС ТӨРАҒАСЫ
20 тонна күріш алып келдік. Қазір жартысы өтті.Қаладағы бағалармен салыстырғанда 50-60 пайыз арасында төмен бағада сатып жатырмыз. Сұраныс өте тәтті. Осы бір сағаттың ішінде жартысын сатып отырмыз. Күріш Астананың магазиндерінде 600-700 теңгеден жоғары тұр. Одан төмен күріш жоқ. Біз өзіміз еккеннен кейін сапалы, таза қылып әкеліп тұрмыз. 3100 гектар күріш еккенмін биыл. Қазір шығымы жаман емес. Екі звеновод шықты біреуі 90, екіншісі 80-нен өнім алып тұр.//
СҰЛТАН ҚОШҚАРОВ - САТУШЫ
Түгіскен деген ауылдың күріші. Өзіміздің ауылдың. Бағасы 360 теңгеден.бір фурада 20 тоннадай алып келдік. Күріш мына жақта көп. Конкурент бар. Әркім өз таңдауын жасап жатыр.Жақсы өтіп жатыр.//
Сыр өңірінен жәрмеңкеге жалпы 200 тоннадан астам күріш, 10 тонна ет, 20 тоннадай балық, 160 тонна бақша өнім мен 80 тоннадан астам көкөніс әкелінген Бұл қатарда 15 тонна сүт және кондитер өнімдер және 5 тонна ас тұзы да бар.
ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ - ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
жәрмеңкеге біздің тауар өндірушілері үлкен дайындықпен келді. Жалпы өңір диқандары малшы қауымы 500 тоннаға жуық өнімін жеткізді. Негізінен 23 түрлі өнімдер келді. 50-ден астам автөлік пен 70-ке жуық тауар өндірушілер бүгін өз өнімдерін халыққа ұсынуда. 200 тонна. 160 тоннаға жуық бақша өнімдері, 80 тоннадан астам көкөніс, жеміс өнімдері. Нарықтағы бағадан өнімдеріміз 15-20 пайызға төмен сатылды. Бұл Астана халқы үшін де біздің тауар өндірушілер үшін де тиімді//
Жәрмеңкеде Сыр елінің өнерпаздары елордалықтарға ерекше көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды.