#qyzylordatv
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы, профессор, академик Бақберген Досманбетовты мерейлі 80 жасымен құттықтады. Аймақ басшысы Бақберген Сәрсенұлының өңірдің дамуына қосқан сүбелі еңбегін ерекше атап өтіп, әсіресе туған жеріне жанашырлығы үшін алғысын білдірді.Сы-құрмет көрсетіп, облыстың ең жоғары наградасы Құрмет грамотасын табыстады.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ Өнегелі жарқын жолыңызды, табанды еңбегіңіздің нәтижесінде экономика ғылымдарының докторы, Болашақ университетінің, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің, Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының жоғары мектебі ғылым академиясының академигі, ғылыми атақтары мен «Құрмет», «Парасат», екінші дәрежелі «Барыс» ордендерімен марапатталып, Қызылорда облысының құрметті азаматы атандыңыз. 00.36// Еңбекті елеу, азаматқа лайықты құрмет көрсету, халық болып ризашылық таныта білу бұл елдіктің белгісі. Құрметті Бақберген Сәрсенұлы сізді Сыр жұртшылығы атынан және өз атымнан мерей тойыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сізге ұзақ ғұмыр, деніңізге саулық, отбасыңызға бақ-береке тілеймін. //
Бақберген Сәрсенұлы 1945 жылы Қармақшы ауданындағы Диірментөбе стансасында қарапайым отбасында дүниеге келген. Балалық шағы соғыстан кейінгі ауыр кезеңмен тұспа-тұс келді. Дегенмен білімге құштар жас жігіт өмірін ғылым мен халыққа қызмет етуге арнады. Мемлекеттік қызмет жолы да үлкен тағылым. Бір сөзбен айтқанда, адал азамат адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленіп, өнегелі істердің ұйытқысы болып келеді.
НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ - ОБЛЫС ӘКІМІ /сырбойылықтар еңбекпен келген абыройдың қадірін біледі. Қасиетін жоғары бағалайды. Президентіміз Қ.Кемелұлы адал еңбек етіп, адал табыс тапқан адам жетістікке жетеді, құрметке ие болады, нағыз еңбек адамы бұл істің адамы. Яғни әр ісіне, әр қадамына жауапкершілікпен қарайтын адал азамат, әділетті қазақстан және адал азамат ұғымдары ел тірегі болатын егіз құндылық ретінде әрдайым қатар тұруы тиіс деген болатын. бүгінгі ресми жиынымыз адал еңбегімен халықтың ықыласына бөленген , өнегелі істердің ұйытқысы бола білген ардақты ағамыздың құрметіне арналуда.
Жиын барысында мемлекет және қоғам қайраткері Бекмырза Еламанов, қоғам қайраткерлері Қылышбай Бисенов, Ибрагим Әбибуллаев, Нажмадин Мұсабаев, еңбек ардагері Сәпен Аңсат сөз сөйлеп, мерейтой иесінің аймақ дамуына қосқан орасан еңбегін сөз етті.
ИБРАГИМ ӘБИБУЛЛАЕВ ¬ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ // Бақберген өмірінде бір ұмтылыс болды. Қалай жетем, қалай барамын, қалай боламын, // ұмтылумен, ізденумен осы уақытқа дейін әлі солай келе жатыр. ЖАратушы өзінің бойына қуат, дарын берген. Білімнің ең шыңына шығып, Ұлттық ғылым академиясының академигі болып, жақында 250 ге жуық академиктердің ішінен 40 «Құрметті академик» деген атақтың біреуі Бақберген замандасымызға бұйырды. Бұның өзі үлкен құрмет.
ҚЫЛЫШБАЙ БИСЕНОВ ¬–ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ // Ағамыздың істеген қызметі елге, ұлтқа, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса береді деп ойлаймын. /Қазақстанда үш университет бар. Соның біреуі Болашақ университеті. Назарбаев, Сүлеймен Демирел университеті жеке дара кампусы бар. Сол кампусты саларда да мен білем Бақберген Сәрсенұлы алыс-жақын шет елдегі университеттердің бүкіл тарихын зерттеп, соған енді барлық жағдай жасаған. Ол ағамыздың үлкен еңбегі.
Ел ағасының рухани және білім мұрасы әлі талай ұрпаққа азық болмақ.