#qyzylordatv
Мемлекет басшысы Италия Президенті Серджо Маттарелланы Елорда әуежайынан шығарып салды.
Италия президенті кеше елімізге ресми сапарымен келіп, Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевпен екі ел арасындағы жан-жақты байланысты нығайту перспиктиваларын талқылады. Келіссөздер қортындысы бойынша Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайтуға уағдаласты. Италия Қазақстанға инвестиция құйған елдердің топ бестігіне кіреді.