#qyzylordatv

Бүгінде өңірімізде жұмыссыздықты жою және кәсіпкерлерді дамыту бағытында бірқатар бағдарламалар жүзеге асуда. Алайда, аталмыш мемлекеттік бағдарламаларда заңсыздықтар анықталып отыр. Мәселе облыс прокурорының төрағалығымен өткен алқа отырсында талқыға түсті.

 Ресми статистикаға сүйенсек, өңірімізде жұмыссыздық көрсеткіші 4,8 пайызды құрайды. Бұл көрсеткішті төмендету мақсатында бірқатар маңызды жобалар қолға алынды. Қазіргі таңда жұмыссыздарды тұрақты жұмыспен қамту үшін тұрғындарға түрлі бағдарламалар арқылы қаржы бөлініп отыр. Алайда, берілген ақшаның өзін ұқсатып баға алмай отырғандар мен мемлекеттің қаржысын майшелпекке айналдырғандар бар. Оларды бақылаушы тарапта да жайбасарлық танытып отыр, деді облыстық прокуратураның басқарма бастығы. Оның айтуынша, «ұрпақтар келісім шарты» жобасы аясында 40 жуық заңбұзушылық анықталған. Ал, «алғашқы жұмыс орны», әлеуметтік жұмыс орындары», «күміс жас», «кәсіптік оқыту» бағдарламалары аясында да былықтар бар. Жастар практикасымен жүрген жас мамандар бюджет қаражатын жұмыс орнында болмаған уақытына да жалақы алып келген. Мұнан бөлек, идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттың қаржысы мақсатсыз жұмысалғандығы белгілі болды. Алайда, облыстық прокуратураның араласуымен бұл заңбұзушылықтар жойылды.

 СЕРІК ӘДІЛКЕНҰЛЫ ¬¬¬– ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ // / Өңірімізде 3 жылда жаңа бизнес идеялары үшін 3 мыңнан астам адамға қайтарымсыз 5 млрд. гранд берілген. Грант алушылар мен атқарылған есептер уаықыты әрі толық тапсырылмайды. Ал бұған жауапты орталық шара қабылдамаған. Мысалы, 2024 жылы Нұрғалиев көлік жөндеу орнын ашуға бизнес жоспарын әзірлеп, 1,4 млн.теңге грант қаражатын алған. Ал ол қаржының мақсатты түрде жұмсалғаныне 3 ай ішінде растамаған және 8 ай бойы бизнес жоспардың іске асырылуы барысы туралы тоқсан сайын есеп бермеген. //4.50// Бұл заңбұзушылыққа орталық көз жұмуда. ЗАңды бұзушылық фактілері жауапты басқарма тарапынан жұмысты тиісінше ұйымастырмауынан, ал оратлық басшылықтары өздерінің тікелей міндеттерін орындамау салдарынан орын алған.