#qyzylordatv

Қазына қаржысы қырағы бақылауда. Тексеру комиссиясы білім саласында атқарылған қызметтердің тиімділігіне жүргізген мемлекеттік аудиттің қорытындысын жариялады.

 Осы жолғы аудит облыстық білім басқармасы мен оған қарасты үш мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және 9 жеке колледжді қамтыды. Тексеру барысында жалақы есептеудегі заңбұзушылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін негізсіз, артық қаражат алу, негізгі құралды кәсіпорын теңгеріміне алмау сынды деректер анықталған. Бүгінгі таңда негізсіз төленген қаржыларды бюджетке қайтару жұмыстары жүргізілуде.

 НҰРҒАЛИ ҚОРДАБАЙ - ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ/// мемлекеттік аудит жүргізу барысында бюджет және қолданыстағы басқа да заңнамалардың нормалары сақталмағандығынан жалпы сомасы 2,5 млрд.теңгенің бұзушылықтары анықталған.Қаржылық бұзушылықтар 312,4 млн.теңге тиімсіз жоспарлаумен пайдаланылған бюджет қаражаты мен активтер 2,2 млрд.теңге құраса,43 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар анықталып отыр.Анықталған бұзушылықтардың ішінде бюджетке және мемлекеттік ұйымдардың есеп шоттарына өтелуге жататыны 306,5млн. теңге және қалпына келтірілуге иіс 5,8 млн.теңге құраған.