#qyzylordatv
Қыс маусымында жылу жүйелері үздіксіз қызмет етуі үшін қазандықтардың тұрақты әрі қауіпсіз жұмыс істеп тұруы маңызды. Сондықтан қазіргі таңда қазандық жабдықтарының техникалық жәй-күйіне, жұмыс режимінің қауіпсіздігіне, қызмет көрсетуші персоналдың кәсіби даярлығына және қауіптің алдын алу шараларына баса назар аударылып отыр, дейді облыстық төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының өкілі Ақылбай Әкімниязов.
Мамандар тарапынан жылу қазандықтары жүйелі түрде техникалық тексеруден өтіп, ақаулар анықталған жағдайда жедел жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қауіпсіздік клапандары, қысым көрсеткіштері, автоматтандырылған бақылау жүйелері тексеріліп жатыр.
АҚЫЛБАЙ ӘКІМНИЯЗОВ – ОБЛЫСТЫҚ ТЖД ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
/ Негізінен біздің өнеркәсіптік бақылау басқармасы қауіпті өзгерістік обьектілері және қауіпті өндірістік техникалық құрылғыларды бақылайды және қадағалайды.00:57Жылу энергетикасы өнеркәсіптің барлық салалары мен халық өмірінің маңызды факторы болып табылады.Оның негізі-қазандық қондырғылары. 02:53 Қазандықтарда ақаулықтар туындаған кезде негізінен тоқ көзінен ажыратып және де қазанның температурасы 40 градусқа төмендегенше жұмыс істеуге адамдарды қосуға болмайды.Қазандықтармен жұмыс істеу барысында арнайы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша оқудан өткен барлық қолында сертификаты немес білімі тексеруден өткен мамандар ғана жіберіледі.