#qyzylordatv

Жоғары нәтижелер көрсеткен түлектер кәсіби дағдыларын дәлелдесе, мемлекеттік қызметке іріктеусіз-ақ жұмысқа тұра алады. Бұл жөнінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің студенттерімен кездесуде айтты.

 Кездесуде студенттерге Президент Жолдауындағы мемлекеттік қызметті цифрландырудың негізгі бағыттары туралы айтылды.

 ДАРХАН ЖАЗЫҚБАЙ - ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ // Осы тұрғыда мемлекеттік қызметте түрлі маман өкілдері қызмет атқара алатынын ерекше атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Қызылорда облысының аудандық және ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарында 14 бос орын бар сол бос орындарға барып тікелей конкурстық іріктеусіз орналастыруыңызға болады. Мемлекеттік қызмет істер агенттігі мемлекеттік қызметке іріктеу және қабылдау процесін толық цифрландыру арқылы конкурстың ашықтығымен обьективтігін қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазір конкурстық рәсімнің жаңа форматы үміткерлерге онлайн режимде, яғни кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен конкурсқа қатысуға мүміндік береді.

 Университет проректоры Майнұр Бөрібаева болашақ кадрларды даярлау үшін бірлескен жобалар мен академиялық бағдарламалардың маңыздылығын атап өтті.

МАЙНҰР БӨРІБАЕВА – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ // Жалпы, Қорқыт ата университеті мемлекеттік қызметкерлерді даярлауда белсенді үлес қосып келіп жатыр. Оның ішінде бізде мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат, магистратура, доктарунтура деңгейінде кадрлар даярланады. Қазіргі таңда бізде 155 білім алушы бар мемлекеттік және жергілікті басқару бойынша және бізде әкімшлік құқықтану бағдарламасы бойынша 400-ге жуық білім алушылар бар. Міне, осы кадрлардың бәрі кейін Қазақстан Республикасына қызмет жасайды деп ойлаймыз. 01:32

 Кездесу соңында 10 жас мемлекеттік қызметкерге алғыс хаттар мен авторлық кітаптар табысталды.

МЕДЕТ МҰРАТОВ - ЖАС МАМАН // Қазіргі таңда мен Қызылорда қаласы, Ақсуат ауылдық округінде жетекші маман конкурссыз іріктеусіз жұмысқа орналастым. Өзім Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің әлеуметтік білім беру бағдарламасының түлегі және де жас мемлекеттік қызметшілер Абырой мектебінің түлегі атандым. Бұл бағдарлама мемлекетімізде жұмыссыздықтың алдын алу болып келеді. Биыл бітіре сала жас мамандарды бірден автоматты мемлекеттік органға қабылдандым. Бұл тұрғыда биыл бітіретін түлектер болады мемлекеттік грант негізінде оқып GPA балы 3,33 тен асқан жағдайда бірден автоматты жұмысқа тұру мүмкіндік өте зор. Жастарды осы бағдарламаға қарқынды шақырамын жұмыс жасауға.

 ЕРКЕБҰЛАН БАЯНҰЛЫ – СТУДЕНТ // Ол кісілердің айтып кеткен бағыт бағдарлары бізге болашақта үлкен көмектеседі деп ойлаймын. Көптеген қызметкерлер egov арқылы жұмысқа тұруды, конкурсқа қатысуды осы білді. Студенттер өз сұрағын қойды, кеш өте жақсы өтті.

 Мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты да осы: жастардың кәсіби біліктілігін арттыруына ықпал етіп, нәтижесінде олардың әлеуетін мемлекетіміздің қарқынды дамуына бағыттау.