#qyzylordatv

QazaqGaz Aimaq компаниясы тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін жаңа цифрлық сервистерді енгізуде. Сонымен қатар, алдағы жылыту маусымына байланысты қауіпсіздік шаралары да ерекше назарда.

Бүгінде қала тұрғындарының тұрмысын жеңілдетуге бағытталған бірқатар жаңа жобалар іске қосылды. Солардың бірі — EGOV Mobile қосымшасындағы «Әлеуметтік әмиян» сервисі. Ол атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй көмегін алушыларға жеңілдік жасау үшін электрондық ваучер алуға мүмкіндік береді.

МҰРАТ БЕКТІБАЕВ, “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ Президентіміздің жолдауында Қазақстанды цифрландыру, оның ішінде цифрлы комуналдық қызметте бізде цифрлық учет деген бар. QazaqGaz Aimaq мекемесінің өңірінде бізде әлеуметтік әмиян және мобильді қосымшасы 14 регион бойынша таралып, сервистерді халыққа жеткізу мақсатында келіп отырмыз. Бұл егов мобильді қосымшасындағы сервис, ол атаулы әлеуметтік көмек пен тұрғын үй алушыларға электрондық ваучерлер түрінде тауарлық газға жеңілдік алуға мүмкіндік береді. Қызылорда қаласы және облыс аумағы бойынша 3200 ге жуық осы атаулы әлеуметтік көмекті алатын кісілердің тізімі бар. 1ші қыркүйектен бастап бізде тұрғын үйге 24.129 теңгені құрайды 1куб газға.Соны жеңілдікпен алу мақсатында осы әлеуметтік әмиянды пайдалануға болады.

  Тұтынушыларға ыңғайлы етіп жасалған тағы бір қызмет — «QazaqGaz Aimaq» мобильді қосымшасы. Ол арқылы абоненттер газ есептегіш құралдарының көрсеткішін смартфоннан жіберіп, төлемдерді бақылауға мүмкіндік алады. Бүгінде қосымшаны 157 мыңнан астам адам пайдаланып отыр. Компания өкілдері цифрлық сервистерді дамытумен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігіне де баса мән беруде. Газ құрылғыларын дұрыс пайдаланбау қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін. Сондықтан мамандар мұржалардың жағдайын тексеріп, қарапайым қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

БАЗАРБЕК ЕРІМБЕТОВ, “QAZAQGAZ AIMAQ” АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ӨНДІРІСТІК ФИЛИАЛЫ АПАТТЫ-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСТЫҒЫТұтынушыларымыздың аасында табиғи газды тұрмыста пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін немқұрайлы қарап ұқыпсыз және қателікпен пайдалануы табиғи газды пайдаланған кездегі төтенше жағдайлардың пайда болуына және қайғылы жағдайларға дейін алып келуге себеп болып жатыр. 01:25 Орын алған қайғылы жағдайлардың пайда болу себебі табиғи газды пайдалану кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан болып жатыр. Қолдан жасалған газ жабдықтарын пайдалануы, техникалық қызмет көрсетуді уақытылы орындамауы. 03:59 Осы газ приборларының жұмыс істеуі қауіпсіз пайдалану және желдету арналар мен түтін мұржаларының жарамды түрде жұмыс жасауына сол газ приборларының иесі жауапты екенін ескертіп кетеміз.