#qyzylordatv
Қазақстан азаматтары Арменияға жеке куәлікпен бара алады. Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Армения Үкіметі арасындағы азаматтардың сапарлары мен болу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңы мақұлданды.
Ал, Армения азаматтары Қазақстанға сәйкестендіру картасы және басқа да құжаттар арқылы кіреді. Ескеретін жайт Қазақстанға немесе Арменияға кірген қос елдің азаматтары 30 күннен кейін құзырлы органдарға барып, тіркелуі керек.
МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
//Келісім аясында сапарлар үшін қажетті құждаттар тізбесі кеңейтіліп отыр. Бұдан былай Қазақстандықтар Арменияға жеке куәліктері арқылы бара алатын болады. Жалпы, қабылданған заңдар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға оң ықпал етеді деп сенеміз.//