#qyzylordatv

Жұмыссыздық – қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Әсіресе жастар жағы бірде тәжірибесі жоқ деген желеумен шетте қалса, енді бірі сұраныссыз мамандық иесі атанып отыр. Осы орайда «Жастар практикасы» мемлекеттік бағдарламасы көптеген жас маманның алғашқы еңбек жолын бастауына сеп болуда. Ендеше бұл бағдарлама жұмыссыздықты азайта ала ма? Жастарға тиімді ме? Тұрғындардың пікіріне құлақ түрелік.