#qyzylordatv

Алдағы жылу беру маусымын сапалы және тұрақты өткізу қажет. Бұл аймақ басшысының тапсырмасы. Осы мақсатта бүгін арнайы көшпелі мәжіліс қала әкімдігінде өтті. Облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов төрағалық еткен жиында алдағы жылу беру маусымына дайындық барысы пысықталды.

Мәжілістің күн тәртібінде облыстағы әлеуметтік нысандарды және тұрғындарды үздіксіз коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету жайы қаралды. Қысқы мезгілге дайындықпен қатар отын қорымен қамту мәселесі сөз болды. дайындығы қаралды. Жылу желілерін жаңғырту бойынша Қызылорда қаласында 6 жоба іске асырылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 81 мыңнан астам қала тұрғыны жылу энергиясымен қамтамасыз етіледі.

 Бүгінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 909 көпқабатты тұрғын үй мен мыңнан астам әлеуметтік нысан толығымен жылу маусымына дайын деді жауаптылар. Ал отын қоры бойынша жылу беру маусымына 139 мың тонна көмір қажет. Көмір қорын жасақтау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Мәжіліс соңында Бахыт Дүйсенұлы қала және аудан әкімдеріне, тиісті басқарма және коммуналдық мекеме басшыларына ағымдағы жылу беру маусымын сапалы және үздіксіз қамтамасыз етуді тапсырды.