#qyzylordatv

Қазалы ауданының құрметті азаматы, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы, еңбек ардагері Талайлы Бөріқұлақов 70 жасқа толды. Аудан әкімі мерейтой иесін қабылдап, құрмет көрсетті.

Талайлы Әмитжанұлы еңбек жолын Өркендеу совхозында бригада есепшісі болып бастаған. 1978-1992 жылдары Жаңақұрылыс, Майдакөл, Ақтан батыр, Энгельс совхоздарында бас бухгалтер, кәсіподақ комитетінің секретары, директордың орынбасары, аудандық қаржы бөлімінің бас маманы қызметін атқарды. Әр жылдары Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті Қазалы аудандық бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы болып, өңірдің әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосты. Ал, 2022 жылдан осы уақытқа дейін Қазалы аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы қызметін атқарып, елдегі елеулі істердің басы қасында жүр. Алмасбек Есмаханов мерейтой иесінің өмірі мен қызмет жолына тоқталып, аудан халқының атынан игі лебізін жеткізді.