#qyzylordatv
Қармақшыда аудан тұрғындарына ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынған жәрмеңке ұйымдастырылды. Тұтынушылар әсіресе бау-бақша мен еттің саудасын қыздырды. Нарық бағасынан арзан саудаланған өнімдерге сұраныс жоғары болды. Тоқшылық тойына әріптесім Елдос Асанда қатысып қайтты.
Қармақшы топырағы тұзды аудан. Алайда, бұл өңірде шаруашылықтың барлық бағыты дамыған. Мәселен, биыл 25 мың гектар аумаққа түрлі дақыл орналастырылған. Оның ішінде күріш 13 мың гектарға жуық. Шаруалар орта есеппен 58 центнерден өнім алған. Қамба астыққа толсын деп, егіс даласында бел жазбаған шаруалардың көңілі тоқ. Ал, аудан әкімі жәрмеңкеде жартылай дайындалған және айран шығаратын кәсіпкердің өнімдеріне ерекше назар аударды. Арнайы ұйымдастырылған көрмені аралап, кәсіпкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
ӘСЕТ ОМАРОВ –АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ /// Жәрмеңкеге //40 жуық автокөлік 100 ге жуық тонна өнім әкелуде. // Бұл жерде 25 тонна күрішіміз, 50 тоннаға жуық көкеніс, бақша дақылдарымыз. Екі тонна балығымыз, етіміз және құрт, ағарған, сүт өнімдерімен қамтылып отыр.
ЕЛДОС АСАН – ТІЛШІ // Қармақшылық тұрғындар өте мәре-сәре көңіл күйде. Себебі, жәрмеңкеде азық-түлік өнімдері базар бағамынан 10-15 пайыздан босатылуда. Тұрғындардың да тілегі осы еді. Қалаған затын базар бағамынан арзанырақ сатып алу. Тұтынушылар үшін мұнда балық пен бал, бақша өнімдері мен төрт түлік мал еті ұсынылуда.
Сондай ақ, Алдашбай ахун ауылының қауын-қарбызына, ІІІ интернационалдың картоп-жуасына, Ақжарманың күрішіне сұраныс жоғары болды. Таң азанымен келген тұрғындар өнімдердің сапасына оң бағасын беріп, ризашылықтарын білдірді.
Қармақшы ауданы мал басының өсуі және ет өнімдерін өндіруде жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін биыл «Озат аудан» атанды. Мемлекеттік қолдауы арқылы өнімділік те, өнім сапасы да артқан. Шаруасын ширатып отырған жергілікті кәсіпкерлер жәрмеңкеге ет өнімін молынан әкелді.
КЕНЖЕБЕК ЕРМАНҰЛЫ ¬– СТАТИСТИКА САЛАСЫНЫҢ АРДАГЕРІ /// мал шаруашылық саласына кезінде грант берілді. 1, 2 млнн.нан. қазір 5-10 млн,ға дейін шаруа қожалықтарына беріп жатыр. Оның өзі үлкен көмек. Ең төменгі//2,5 пайызбен бекріп жатыр. Осы 5-6 жыл сол кредит алудан, субсидия берген себебінен малдың саны көбейіп тұр деп ойлаймын.
Осылайша, аудан тұрғындары жәрмеңкеде қалаған өнімдеріне қол жеткізіп, жергілікті өнерпаздар концерт ұйымдастырып, көтеріңкі көңіл-күйде тарқасты.