#qyzylordatv

Су заңнамасын бұзғандарға 46,7 миллион теңге айыппұл салынды. Мұндай дерек Қызылорда және Түркістан облыстарында тіркеліп отыр. Жалпы шаруалар егістікке қажетті су көлемін тиісті келісім арқылы алып келген. Ал заң бұзушылар мұндай талапқа пысқырмаған.

 Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы биыл тоғыз айда жүргізген тексеріс нәтижесінде 439 әкімшілік іс қозғап, заң бұзушылыққа барғандардың жолын кесіпті. Биыл елімізде жаңадан қабылданған «Су» Кодексі бойынша салада бақылау күшейген болатын. Инспекция мамандары өткен егін маусымында 300-ден аса жеке және заңды тұлғаға түсіндірме жүргізіп, ескерту берген.

 ЗЕЙНОЛЛА ҚАЗТОҒАНОВ - АРАЛ-СЫРДАРИЯ БАССЕЙНІ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

//38 су сорғылары, насосты қойып су алып жатқан жеке және заңды тұлғаларды анықтадық. Түркістан облысында 23 болса, Қызылорда облысында 15. 46 млн 715 теңге айыппұл салынып қазіргі таңда 292 тұлғадан 26 млн 500 теңгесі өндіріліп алынды. Қалғандары ҚР заңнамасына сәйкес сот орындаушысына беріліп, толық өндірілетін болады//