#qyzylordatv
Біздің түсіруші топ жақсы жаңалыққа куә болып қайтты. Қызылорда-Жезқазған жолының біздің облысқа тиесілі 191 шақырымына толық асфальт төселіп бітті. Енді жол толығымен қашан ашылады? Қалып тұрған тағы қандай жұмыс бар? Тілшіміз толықтырсын
Бұл күнге де жеттік! Қызылорда-Жезқазған жолының Қызылорда облысына тиесілі 191 шақырымында 5 лот бойынша жұмыс жасап жатқан компаниялар толығымен асфальт төсеуді бітірді
Алда енді жол жиегін нығайту, тиесілі инфрақұрылымын салып бітіру, жол белгілерін орнату сынды жұмыстар тұр.
Шашетектей көрінген шаруаның көбі бітіп, мінекей, азы қалды. Жұмыс барысы жайлы толық мәліметті алдағы сенбіде «Үштаған» АСБ көре аласыздар. Айтпақшы, Жезқазған жақта да қарбалас қарекет жүріп жатыр дейді жолшылар.