#qyzylordatv

Берекелі күзде Сырдария ауданының еңбеккерлері де тұрғындарына тамаша тарту жасады. Шаруалар молшылық мерекесіндегі жәрмеңкеге 100 тоннаға жуық өнім әкелді.

Тыңнан түрен салған диқандардың несібесі зор болды. Түрлі минералды тыңайтқышсыз, жердің құнарымен өсірілген табиғи өнімге сұраныс жоғары. Жәрмеңкеде дәмі тіл үйірер қауын-қарбыз, бақша өнімдері ә дегеннен өтіп кетті. Жалпы, сырдариялық шаруалар жәрмеңкеге 30-ға жуық өнім түрін әкеліпті. Мұнан соң облыс әкімінің орынбасары Ардақ Зебешов түрлі салада қызмет атқаратын мамандарды мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады.

МҮСІЛІМ НЕСІПБАЙҰЛЫ - ШАРУА

//Бүгінгі болып жатқан мерекеде еңбек адамдарын құрметтеп,еңбегін бағалау мақсатында болып жатқан іс-шарада жалпы менің еңбегім,мал шарушылығының басын көбейту,және осы малды жақсы асылдандыру жайында.Еңбектері жемісті болсын деймін.Ауыл шарушылығы әрқашанда алда болсын.Халқымыз аман,еліміз тыныш болсын,Мейрам мейрамға ұласа берсін.Мерекелеріңіз құтты болсын///басты бағытымыз осы ауыл шарушылығын осы ауылда,елде төз күшімізбен арттыру,дамыту.Соған қызмет жасап жатырмыз.

Тоқшылық тойында тереңөзектік өнерпаздар әннен шашу шашып, мереке соңы Ұлбике Жанкелдіқызының 200 жылдығына орай конференцияға ұласты.

 ҒАБИТ ТҰЯҚБАЕВ - ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ

// Он тоғызыншы ғасыр мен жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебилері үшін Сыр сүлейлері деген үлкен топ.Сыр сүлейлерінің белді өкілдерінің бірі-Ұлбике Жанкелдіқызы.Әрине,Ұлбике осы уақытқа дейін толыққанды зерттеліп, зерделеніп болды деп айта алмаймыз.Бұл туралы,әдебиет және өнер институтында қолжазба қорында орталық ғылыми кітапхананың қолжахба қорында,басқа да ғылыми архивте,шетелдік архивте біраз деректер бар.Әуезовтен бастап,Қоңыратбаевқа дейінгі біраз ғалымдардың ғылыми мақалаларында бар. Бұл Ұлбикенің кіндік қаны тамған жер.