#qyzylordatv

FIN IQ республикалық байқауы мәресіне жетті. Қаржылық мониторинг агенттігі «Заң мен тәртіп» қағидасы аясында өткізген шарада облыс бойынша 10 үздік қатысушы марапатталды.

 Республикалық байқауға еліміз бойынша 2 млн 800 мыңға жуық адам қатысқан. Соның ішінде 105 мыңнан астамы облыс тұрғындары. Байқау ұйымдастырушылары шараның негізгі мақсаты бүгінгі қоғам дерті интернет алаяқтықпен күресу екендігін атап айтты.

РУСЛАН САТЫБАЛДИЕВ, ОБЛЫС БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН УАҚЫТША АТҚАРУШЫ

//Тестке аймақ бойынша жалпы 105мыңнан астам қатысып оның ішінде студенттер мен қаржылық мониторинг субьектілерінің өкілдері болды. Бұл үлкен нәтиже өңір тұрғындарына қаржылық сауаттылыққа ынтасы білімге деген құштарлығының көрінісі болып келеді. Сондай ақ айтулы күні құқық саласына еңбегі сіңген азаматтарымызды құрметті зейнет демалысына шығарып жатырмыз. Сонымен қатар өзіміздің арамыздағы әріптестерімізде марапатталып құрмет төрінен көрінді. Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп тексеру департаменіті мемлекет мүддесі үшін қызмет етуді жалғастыра береді. //

 Байқау қорытындысымен үздік деп танылған қатысушылар марапатталды. Олардың қатарында мектеп оқушылары,зейнеткерлер, студенттер және қаржылық мониторинг өкілдері бар. Мұнан бөлек департамент қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.

 АРЛАН РИЗАБЕКҰЛЫ - БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ

// Тесттің өзі оңай болды. Және сұрақтары мен жауаптары өте түсінікті болды. Мен үшін бұл өте пайдалы тест деп санаймын. Тестте алаяқтардан қалай қорғану керек екені тестте жазылған. Осындай тақырыпқа сұрақтар қойылған және осы тестті өтіп жеңімпаз атандым. Мен өте қуаныштымын.Себебі осындай тест арқылы біз алаяқтардан сақтанамыз.//

«Fin IQ» республикалық диктанты — қаржы саласындағы білім мен білікті арттырудың тиімді алаңы.Қатысушылар үшін бұл тек байқау емес, өз мүмкіндігін танытудың жаңа баспалдағына айналды.