#qyzylordatv

Астана қаласында өткен «Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауында Сыр өңірінен барған Әбсадықовтар әулеті жеңімпаздар қатарынан табылды.

 Аймақтың абыройын асқақтатқан өнегелі отбасы ел мақтанышына айналды. Байқауда үздік деп танылған әулетті жерлестері қуана қарсы алды. Әбсадықовтар ұрпақ сабақтастығын, еңбектің қадірін және отбасылық құндылықтарды дәріптеп келе жатқан өнегелі әулет. Олардың бірлігі мен адал еңбегі өзгелерге үлгі.

 ЖАҚСЫЛЫҚ ӘБСАДЫҚОВ – ЕҢБЕК АРДАГЕРІ

 //Мерейлі отбасы жақсы қабылдап алды, Астана балет театрында өтті. Мәулен Әшімбаев құттықтап, сол сөз сөйледі, Аида Балаева келді марапаттарын жасады. Сөйтіп қайттық балдарымызбен демалып, жақсы әсердеміз чемпиондарды күтіп алғандай күтіп алып жатыр барлық ұйымдастырушыларға рақмет. Ең мықты мәселе ауызбіршілік болсын, денсаулық болсын.//