#qyzylordatv

Қызылорда қаласының 100 жылдық мерейтойы аясында волейболдан республикалық турнир өтті. Додаға еліміздің түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, өзара үздікті анықтады.

 Турнир ерекшелігі сол командалар еліміздегі зияткерлік мектептерде білім алып жатқан шәкірттердің әкелерінен құралған. Тоспадоп додасына келген 12 команда жеңімпазды топтық жүедегі тартыста анықтады. Волейбол — тек спорт емес, денсаулықты нығайтып, ұжымдық рух пен бірлікті арттыратын тамаша мүмкіндік дейді қатысушылар.

БЕКЗАТ ЖҰМАБАЕВ - ШЫМКЕНТ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ

//Бұл турнирдің басты мақсаты-осылай үлкен-үлкен жарыстар ұйымдастырып,артымыздан өсіп келе жатқан өскелең ұрпақпен,бала-шағаға жақсы үлгі көрсете отырып сол арқылы өсіріп отқан ұл-қыздарымызға спорттық тәрбиені баулу болып келеді.Осы жарыс сәтті өтсін.Лайықты командалар жеңіске жетсін.Қала әкімшілігі мен ұйымдастырып отқан барлық кісілерге алғысымызды айтамыз.

 Жарысқа қатысушылардың мақсаты - тәжірибе жинақтап, шеберлікті арттыру. Турнирдің өтуіне өңір кәсіпкерлері демеушілік көрсеткен.

 БЕКБОЛАТ ІЗМАҒАНБЕТОВ - МАҢҒЫСТАУ КОМАНДАСЫНЫҢ ӨКІЛІ

//Бүгінгі жарыста барлығына сәттілік тілеймін.Келешек ұрпаққа жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмыстарына көп көңіл бөлінген екен осы жарыста.Осындай жарыстар бола берсін алдағы уақытта.Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Білімді ұрпақ болсын жастарымыз.Қазақстан дами берсін.құтты болсын мереке тағы да.

Айта кету керек, тартысты өткен дода соңында жеңімпаздар анықталып, үздік командалар марапатталды. Жүлделі бірінші орынды Шымкент командасы иеленсе, екінші орынға Ақтөбе облысының ұлдар лицейінің командасы табан тіреді. Ал үшінші орын Маңғыстау облысына бұйырды.