#qyzylordatv

Аймақта соңғы жылдары денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа ауруханалар мен емханалар салынып, ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігі артуда.

Соңғы екі жылда ауыл тұрғындарына арналған 27 медициналық нысан салынды. Оның ішінде 24 дәрігерлік амбулатория, 2 фельдшерлік-акушерлік бекет және 1 медициналық пункт бар. Бұл жобалар нәтижесінде 46 мыңнан астам ауыл тұрғыны сапалы және уақтылы медициналық көмекке қол жеткізді. Қазіргі таңда Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған аудандарындағы көпбейінді орталық ауруханаларға қосымша ғимараттар салу жұмыстары жүріп жатыр.Жобалардың жалпы құны 9,9 миллиард теңгені құрайды. Биыл Шиелі мен Жаңақорған ауруханаларының жаңа корпустары пайдалануға берілсе, Арал мен Қазалыдағы құрылыс жыл соңына дейін табысталмақ.

ЖАҢЫЛ ӘБУБӘКІРОВА - ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ

//Бүгінгі күні барлық жоспарланған 27 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны пайдалануға берілді. Осылайша, 46 мыңнан астам ауыл тұрғындары медициналық көмекке уақытылы қолжетімділік пен 190 төсек-орын күндізгі стационарларда ем алу мүмкіндігін алды. //2025 жылы Арал, Қазалы және Жаңақорған қосымша құрылысын салуға Арнайы мемлекеттік қордан және жергілікті бюджеттен 6,7 миллиард теңге бөлінді. Жаңақорған қосымша құрылысы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды. Қабылдау актісін дайындау жұмыстары жүргізілуде/. Атап айтқанда, 4,5 млрд теңгеге апаттық жағдайдағы Арал және Шиелі аудандық ауруханаларға қарасты жұқпалы аурулар бөлімшелерінің ғимараттары жаңадан салу жоспарланған. Бүгінгі күні Шиелі аудандық жұқпалы аурулар бөлімшесі пайдалануға берілсе, Арал ауданында жұқпалы аурулар бөлімшесі келер жылы пайдалануға беру жоспарлануда.. Осы орайда, құны 36,4 млрд. теңгені құрайтын Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауынан 300 төсектік көпбейінді аурухана құрылысы жүргізілуде//