#qyzylordatv
Ауыл шаруашылығы дамыса, ең алдымен ауылдың жағдайы жақсарады. Бүгін Астанада өткен ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында Президент табысқа жеткен әрбір кәсіпкерді өз ауыл-аймағының өркендеуіне үлес қосуға шақырды.
Мемлекет ауыл-аймақты дамыту үшін біраз жобаны жүзеге асырып жатыр. Инфрақұрылым салудан бастап, ауылға білікті маман тарту мәселесіне дейін ауқымды жұмыстар жүргізілді. Қасым-Жомарт Тоқаев соларға тоқтала келе, әкімдер де ірі компаниялармен келісім жасап, бірлескен шаруашылықтардың өнімін өткізуге көмектесуі қажет екенін айтты. Бұл ретте ауылға жеке инвестиция тарту өте маңызды.