#qyzylordatv
Қолма-қол және қолма-қолсыз ақшадан бөлек, болашақта айналымға цифрлық теңге енгізілмек. Қазір цифрлық теңгені толыққанды пайдалану үшін нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатыр. Ал цифрлық теңгенің мәні мен оның қалай қолданылатынын қаржы маманы түсіндіріп берді.
Цифрлық теңге – бұл кәдімгі мемлекеттік ақша, тек электронды түрде. Ол арнайы цифрлық әмиянда сақталады және қорғалған электрондық жазбалар түрінде болады. Оны интернетсіз офлайн-режимде де, онлайн-дүкендерде де төлем жасауға қолдануға болады. Оның негізінде төлемдерді жылдам әрі қауіпсіз ететін блокчейн технологиясы жатыр. Бірақ бұл криптовалюта емес, себебі оны тек Ұлттық банк шығарады және ол заңды төлем құралы мәртебесіне ие болады.