#qyzylordatv #тазақазақстан
Қалада тазалыққа немқұрайлы қарайтын кәсіпкерлер бар. Жыл басынан бері 800-ден астам жеке тұлға және 350-ге жуық кәсіпкер айыппұл арқалаған. Әсіресе сауда-саттықпен айналысатындарды тәртіпке шақыру қиынға соғып тұр. Сондықтан, қала әкімдігі жанынан құрылған жұмысшы топ рейд жұмыстарын ұйымдастыруда.
Универсам аумағында жабайы сауда жасайтындарды жиі кездестіруге болады. Олар қолда бар азық-түлігін көпшілікке жайма базарда ұсынады. Осы маңда қоқыс та көбейген. Міне, жұмысшы топ санитарлық талапқа немқұрайлы қарайтындарға ескерту жасады. Ал тәртіпке бағынбағандарға полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама рәсімдеді.
Заңды білмеген, жауапкершіліктен құтқармайды. Күнкөрістің қамы дегеніңізбен, тәртіптің аты тәртіп. Мұны сауда жасап отырған жандардың өздері де мойындап отыр.
Кәсіпкердің бәрі бірдей айналасын ластай бермейді. Рұқсат етілген аймағында талапқа сай тірлігін жасап отырғаны қаншама.
Ал кәсіпкерлермен әңгіме барысында қоғамдық жерлерді ластағандар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы қаййта-қайта айтылды.Себебі тазалықты сақтау- ортақ жауапкершілік.