#qyzylordatv
Мәдениет қайраткері, сазгер, композитор Сауранбек Елеуовтің 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. «Саз әлемінің сырбазы» деп аталған шарада өнер иесінің әндері шырқалып, тыңдарман қауымға шығармашылық жолы таныстырылды.
Кеш барысында Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, композитор Рамазан Тайманов, Жаңақорған ауданының Құрметті азаматы Мадияр Ахметов, Қазақстанның мәдениет қайраткері Тілеген Бекарыстанов, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазіретәлі Тұрсын мен Қазақстан Жазушылар одағы облыстық филиалының жетекшісі Қаршыға Есімсейітова мерейтой иесінің мәдениет пен өнерді дамытудағы еңбегін сөз етіп, сый-құрмет көрсетті. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар сазгердің «Сырдария-Жырдария», «Айдында жүзген аққулар», «Өлеңім - өмірім», «Ғанидың жұлдызы», «Жұлдызым» және тағы да басқа әндерін шырқап, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.