#qyzylordatv
«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс ХХХV конференциясы өтті. Алқалы жиынға партияның Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек қатысты. Конференцияда ашық дауыс беру арқылы Жандос Базартай партия филиалының төрағасы болып сайланды. Сондай-ақ, саяси кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Жандос Базартай аймақ жұртына белгілі. Еңбек жолын 2007 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті ректорының жастар ісі жөніндегі көмекшісі болып бастаған. Содан кейін әр жылдары «Студент жастар одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, «Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының және қала әкімінің орынбасары, университет ректорының жастар саясаты жөніндегі кеңесшісі, кейінгі жылдары тәрбие жұмысы және жастар саясаты басқармасының басшысы, сонымен қатар «Қызылорда облысы Азаматтық Альянсы» Қауымдастығының төрағасы қызметтерін атқарған. Және бұған дейін Жандос Нұртайұлы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Университетінің әлеуметтік және тәрбие жұмыстары жөніндегі проректоры қызметінде болды.
ЖАНДОС БАЗАРТАЙ - «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ // Мемлекет басшысының сенімді тірегі «AMANAT» партиясы облыстық филиалына төрағасы ретінде сайлау жөніндегі қабылданған шешім үшін сіздерге шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің тараптарыңыздан көрсетілген жоғары сенім мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік..//
Жиында облыстық филиалдың бақылау-тексеру комиссиясы атқарған жұмыстар баяндалып, саяси кеңес құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
ЖҰМАБЕК ЕМБЕРГЕНОВ – ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ // Әділетті, қуатты әрі таза Қазақстанды құру Сыр халқы оның ішінде партия мүшелері бекем бірліктің, ерен ерліктің үлгісін көрсетуде. Бірлесе атқарған жұмыстарымыздың нәтижесінде аймақта негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Ортақ абырой жолындағы жарқын жетістіктерге «AMANAT» партиясының үлесі зор...//
ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ //Біздің партиялық жобаларымыз халық арасында зор қолдауға ие болып отыр және Мемлекет басшысы биылғы жолдауында Үкіметтің отырысында арнайы атап өтуі біздің ортақ еңбегімізге берілген лайықты баға деп ойлаймыз. Ел президенті әрбір отырысында, әрбір жолдауында партияның ұсыныстарын үнемі қолдап отырады...//
Конференция соңында Мемлекет басшысының жарлығымен облыстық мәслихат депутаты Батырхан Базарбаев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Сондай-ақ, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Гүлнар Есқалиеваға, Қазалы аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әлішке және партия жанындағы Әйелдер қанатының төрайымы Алтынай Молжановаға «AMANAT» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісі табысталды. Мұнан бөлек, партияның бір топ мүшесі алғыс хатпен марапатталды.