#qyzylordatv

Сырдария ауданының Шіркейлі ауылында ақын Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығына арналған «Мен өмірді сүйемін пәк жүрекпен» атты мүшәйра ұйымдастырылды.

 Мәдениет үйінде ақынның өмір жолын айшықтайтын фотокөрме қойылған. Қатысушылар алдымен көрмемен танысып, Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың шығармашылығына терең бойлады. Өмірге, өлеңге және жүрек тазалығына үндейтін бұл байқауға облыстың әр ауданынан 14-29 жас аралығындағы 10 үміткер қатысты.

ТАЛҒАТ ҚҰЛАМҚАДІРОВ - ШІРКЕЙЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ //Бұл кісі тек ақын ғана емес, бұл кісі спортшы. Енді Нұрмұхаммед біздің Нұр ағамыз ұлын да, қызын да өсіп өнген отбасы. Барлық саламен де кәсіппен де айналысып келе жатыр. Сондықтан біздің Нұрмұхаммед бауырымызға алдағы шығармашылықтарына үлкен табыс тілейміз. Ортамызда үлкендеріміз аман болсын, тек осындай қуанышты күндеріміз көп болсын, жылда осы дәстүрлі мерекеміз жылдан-жылға ұлғая берсін.//

 Байқау екі кезеңнен тұрды. Қатысушылар алдымен Нұрмұхаммед Әбілқасымовтың жүрекке жақын өлеңдерін оқыса, келесі кезеңде белгілі ақындардың жырларын жатқа жеткізді.

НҰРМҰХАММЕД ӘБІЛҚАСЫМОВ – АҚЫН

  //Өзім қолым сау болмағаннан кейін, сынақ өмірге келгеннен кейін бәрімізге де жүк артылады сол жүкті көтере білгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Менің өлеңімді оқудан, көркемсөз сайысы болып жатыр соған марқайып қалдым. Қатысушылар өте жоғары деңгейде оқыды, 2025-тің аяғында Тағаттың алтын тағасы деген кітабым шығады жарыққа сол кітапты облыстық деңгейде тұсаукесерін ұйымдастырғым келеді. Осы 5 күн өмірде менің қиындығымды сіздер көрмеңіздер, сіздер тек қана менің жеңісімді көріңіздер. //

Қазылар алқасының шешімімен үздіктер анықталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Бас жүлдені Жаңақорған ауданынан келген Әбунасыр Шәдібек иеленді.

ӘБУНАСЫР ШӘДІБЕК – САЙЫС ЖЕҢІМПАЗЫ //Мүшәйра сайысы өте жақсы керемет өтті. Енді Нұрмұхаммед ағамыздың өлеңдері жүрекке жылу сыйлайды ғой. Сондықтан ағамыздың өзі де қарап отты, барынша жігерлендіріп, мықты айтуға тырыстым.Алдағы уақытта республикалық байқауларға шықсам деп ойлаймын.//

Ұйымдастырушылар байқауды алдағы уақытта республикалық деңгейге өткізуді мақсат етіп отыр. Бұл – жас оқырманның қара сөзге деген құрметін арттыратын қадам болмақ.