#qyzylordatv
Қара жолдағы қауіпсіздік мәселесіне қанша көңіл бөлінгенімен жол-көлік оқиғасы азаяр емес. Мәселен, биыл 10 айдың ішінде жол-көлік оқиғасы 103 пайызға артқан. Жарақат алғандар тым көп. Оның себебі неде? Бұл сұрақ облыс прокурорының төрағалығымен өткен үйлестіру кеңесінде кеңінен талқыланды. Тақырыпты әріптесім Елдос Асан сабақтайды.
Жол апаты өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан. Бұған себеп - жолдың сапасыздығы, жол қозғалысын ұйымдастыру мен бақылаудың өз дәрежесінде болмауы, қараусыз қалған төрт түліктің жолға шығып кетуі сынды жағдайлар. Энергетикалық сусынды шамадан тыс тұтыну да әсер еткен. Одан қалды жүгенсіз жүргізушілерді тәртіпке шақыру қиынға соғып тұр. Осы себептердің салдарынан Жаңақорған, Шиелі, Қармақшы, Қазалы ауданында жол апаты жиі тіркелген.
МӘДИ СӘРПЕКОВ ¬- ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ // осы ретте жергілікті әкімдіктер кемшіліктерді жоюға, нақты қажет ететін орындарға жарықтандыру мәселесін шешу қажет. Жол белгілері мен құрылғыларды орнатуға полиция мен жергілікті әкімдіктің арасында жүйлеі байланыстың жоқтың қасы. Осындай тиісті деңгейдегі әрекетсіздіктер жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кері әсерін тигізуде.
Қызылорда қаласы жол апаты бойынша бірінші орынға шығып тұр. Мәселен 10 айда 882 жол көлік оқиғасы тіркелген. Мұның басты себебі, шаһарда көлік тізгіндейтіндер қатары артқан. Айталық, биылдың өзінде 182 500 жуық көлік тіркелген. Бұл кейінгі 5 жылда темір тұлпар саны 44 мыңнан асқанын көрсетеді. Сондықтан қала көшелеріндегі ресурстарға қажеттілікті күшейту қажет, дейді облыс прокурорының орынбасары.
МӘДИ СӘРПЕКОВ, ОБЛЫС ПРОКУРОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Жалпы жол көлік оқиғараларының 72 пайызы Қызылорда қаласында орын алған. Бұл аумақтарда жарықтандырудың жеткіліксіздігі мен инфроқұрылымның нашарлығы бірнеше өлімге әкелген жол көлік оқиғасына себеп болды. Атап айтсақ, Алтынсарин мен Скаткова қиылысындағы жол көлік оқиғасы салдарынан екі адамның өліміне әкелді. Осы тектес қаладағы қара нүкелер Шәкәрім, Лапин көшелерінің қиылыстары, Бейбітшілік көшесі және Сабалақ саяжайы мен Қарауыл төбе ауылын айтуға болады. Мысалы 30 қаңтарда Сабалақ саяжайының тұсында Бектібаевты, 21 наурызда Қарауыл төбе тұсында Алдамжаровты, 3 сәуірде Сырдария лагерінің тұсында Пірімхановты автокөлік қағып кетіп, қайғылы аяқталған. ////
Жауаптылардың айтуынша, жағдай тұрақты бақылауда.
Облыс прокуроры жиын соңында полицияға жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Қыс мезгілінде жол қауіпсіздігінің сақталуын қатаң бақылауға алу керегін айтты. Ал, сала өкілдеріне жол инфрақұрылымның сапасыздығын жойып, кемшіліктерді қалыпқа келтіру керегін ескертті.