#qyzylordatv
Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешітінің 150 жылдығына орай мұрағаттардан алынған құнды құжаттар мен сирек қолжазбалар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрермен назарына «Айтбай мешіті: аңыз бен ақиқат» деректі фильмі ұсынылып, жаңа кітап таныстырылды.
НҰРСҰЛТАН МЫҚТЫБАЙ – КІТАП АВТОРЫ //Наурызбай қажы жыл басында әр өңірдегі шаралардың жоспары бекітілген болатын біздің сыр өңірінде тарихи салынғанына 150 жылдан ескі ғимарат сонымен қатар ең ескі сәулет ескерткіштерінің бірі Айтбай мешітінің тарихын зерттеу туралы тапсырма берілген болатын. Себебі, оны кім салған біресе оны Айтбай қажы салған, Айтбай Шілдебаев, Мырқыайдар деген осы талассыз әңгіменің нүктесін қою мақсатымен зерттеу жұмыстарын Дастан Жанасұлы тапсырмасымен қолға алынған болатынбыз Айтбай мешітінің бас имамы Асхат Асқарұлы екеуміз бұл сәуір айында басталып 8 ай ... еліміздегі архивтерде бірнеше ай бойы жұмыс істеді сонымен қатар Ресей федерациясы Мәскеу қаласындағы, Санкт-петербург қаласындағы, Орынбор қаласындағы архивтерде де өте осы уақытқа дейін жарияланбаған еш жерде жарық көрмеген құжаттарды таптық.//
Зерттеу барысында мешіттің 1875-1878 жылдардағы салыну тарихы, кірпіш тасу әдістері, сылақ қолдану технологиясы, кеңестік кезеңдегі тағдырлары, 1988 жылы филармонияға берілуден қалай сөз болды
НҰРСҰЛТАН МЫҚТЫБАЙ – КІТАП АВТОРЫ // Енді бір деректерде Өзбекстаннан шыққан ұсталары айтылады сол кездегі өзбек ұсталарды жалдап жасатқан. Өйткені перовскке сол кездегі татарлар мен өзбектер сауда жасаған біздің .,. атамыздың өзі мешітті салған Бұқара мен сауда-саттық жасаған, біздің тарихи деректерде өлкетанушы ғалымдарымыз өте өкініштісі ол кісі өзбек деп жазады, ол кісі ешқандай өзбек емес 1920 жылы саяси қысымнан сол кездегі Перовск қаласының төрағасы отбасымен бірге оның әулетімен түгел өндіріс ошақтары үйіноның қасапханасын оның қожалығын бәрін тартып алып, өзін ауған. Біз бірінші рет Ташкент қаласына барған кезде оның ұрпақтарымен кездесіп, сұқбаттастық ұрпақтарының қолында мешіттің тарихи суреттері құжаттары бар екен, соның бәрін алып Айтбай мешіті аңыз бен ақиқат деген кітабымызға кіргіздік. Ең өкініштісі ол кісілер Өзбекстанға ауған кезде бірнеше ұрпағы Айтбай атамыздың тегін өзгертуге мәжбүр болады сол кезде саяси жағдай ғой енді ал қалған ұрпақтары әрі қарай тұра алмай Ауғанстанға жер ауып кетеді.//
Шара соңында зерттеу жұмысына үлес қосқан азаматтар Бас мүфтидің алғыс хатымен марапатталды. Айтбай мешітінің шынайы тарихын ашуға бағытталған бұл зерттеу өңірдің рухани өміріне тың серпін берді.